- Негізгі бет
- Психология
- Сухомлинскийдің бала тәрбиесіндегі...
Сухомлинскийдің бала тәрбиесіндегі қағидалары
Кеңес кезеңіндегі атақты педагог, жазушы В.Сухомлинский баланың жеке тұлғасына негізделген білім жүйесін жасады. Ол баламен бірге ертегі құрастырып, кітап оқып, шығармашылық қабілетін дамытып, қоршаған орта сұлулығын танытып, еңбекке баулу арқылы дүниетанымын арттыруға баса назар аударды.
• Баланың ақылы саусағының ұшында.
• Кезінде өзі де бала болғанын ешқашан ұмытпайтын адам ғана жақсы ұстаз болады.
• Кез келген баланың, жасөспірімнің, жас адамның алдында тас жатады. Ол тастан айналып өтіп кете ме әлде өзінен кейін келетін адамдар үшін жолдан тасты алып тастай ма – өзінің ұятты біледі.
• Бала тапсырманы дұрыс орындамауы істегісі келмеуінен емес, не жақсы, не жаман екенін, мұғалім нашар бағаны не үшін қоятынын түсінбеуінен.
• Кей тәрбиелеушілер баламен бала тілінде сөйлесу дегенді ол сияқты былдырлап, еркелетіп сөйлеу деп түсінеді. Мен осы нәрседен сақтана отырып, баламен сөйлескенде алдымда болашақ ұлы азамат отырғанын естен еш шығармауға тырысамын.
• Бала әр ісін міндетсініп, үлкендерден үнемі мақтау мен марапат күтсе, ең жаманы осы.
• Бала жақындарының өзіне деген немқұрайлы қарым-қатынасын сезінсе, мейірімнің не екенін, ашудың не екенін түсінбей өседі. Осылай жүрегінде күмән, адамдарға сенімсіздік туады, бұл – ызақорлықтың қайнар көзі.
• Ой-толғау таңғалудан басталады.
• Өз қалауы мен арманының шегін білмейтін жаннан жақсы азамат шықпайды. Өз пайдасын ғана ойлайтын, эгоист, өзгенің қайғысын қаперге алмайтын адам бала кезінде тек өз қалауымен жүріп-тұрып, өзгелердің қызығушылығына мән бермейтін болғаны.
• Бастысы, кішкентай адамның ұяла білгені, сонда ол жүрексінеді. Ұят - адамның жауапкершілігін қанаттандыратын әуе.
• Өз намысыңмен ымыраға келе алмаған кезде мінезің шыңдалады.
• Ең қорқыныштысы - ашық көзбен ұйықтау. Қарап тұрып көрмеу, көре тұра не жақсы, не жаман екенін ойламау, әділетсіздік пен жауыздыққа көз жұма қарау.
• Жүрек түбіндегі терең махаббат өзгелерге алаңдаудан басталады. Баланың шын жаны ашитын досы болғаны аса маңызды.
• Ерлі-зайыптылар өз құндылығын сақтай отырып, бір-бірінің алдында иіле білгені жөн.
• Оқыту ұстаздан шәкіртке механикалық жолмен берілетін білім емес, адамгершілік қарым-қатынас. Баланың білімге, оқуға деген құштарлығы мұғаліммен арақатынасына байланысты.
• Педагогикалық мәдениеттің ең басты қыры – әр баланың ішкі әлеміне терең үңілу, кімге қанша уақыт керек болса, соншалықты көңіл бөле білу, өзінің керек екенін сезіндіру, уайымын, мұңын, ренішін түсіну.
• Ата-аналар баласынан тек жақсы баға алуын талап етпеуді сұраймын. Төмен баға жалқаулықтың ғана көрсеткіші емес. Мен ең алдымен адамды, баланы, одан соң ғана оқушыны оқыту ретінде қараймын. Оған қоятын бағам тек білімінің көрсеткіші емес, оған адам ретіндегі қарым-қатынасымның бағасы.
• Өмірдің мәні – адамдарға қызмет ету.
• Мұғалім қолында тәрбиенің қылдай құралы этика ғылымы болған кезде ғана нағыз тәрбиешіге айналады.
• Мені қазіргі жастардың рухани құндылыққа немқұрайлы қарайтыны алаңдатады, әсіресе музыкаға жеңіл қарайды. Скрипка не қобыз тартуды, ән айтуды үйренгісі келмейтіні қынжылтады. Таспаға жазылған әннің өзіне риза болады. Тетікті бастың, болды, ән ойнай береді, үйренудің, ойланудың қажеті жоқ. Осылай жалғаса берсе надандыққа тез жетеді.
• Бар болғаны 5 жыл ішінде инженер болып шығуға болады. Ал адамдық мектебін өмір бойы оқуың керек.
• Адам үшін ең маңыздысы әрі ең қиыны – қандай жағдай болса да әрдайым адам атыңды сақтап қалу.
@. @assel_assanova