Студенттің оқытушымен әлеуметтік желілерде сөйлесуі дұрыс па?

Қазіргі таңда ғаламтор және әлеуметтік желілер өмірімізден үлкен орын алатыны белгілі. Бірақ олар ауызша қарым-қатынасты шектейді. Виртуалды кеңістікте студенттің оқытушымен араласуы дұрыс па? Бұл туралы қандай пікірлер бар екен? 


Мамандар пікірі

1. Оқу орнында оқытушы мен студент қарым-қатынасының түріне байланысты қалыптасқан тәртіп болу керек. Қарым-қатынас жасаудың уақыты, орны деген мәселелер ескерусіз қалмау керек. 

2. Оқытушы мен студенттің жеке ақпарат алмасу белсенді түрде жүзеге асатын инстаграм, твиттер сияқты әлеуметтік желілерде "дос болуы" жақсылыққа әкелмейді. Оқытушының студент алдында өзіндік міндеттері бар, бірақ бұл мәселе ол тізімнен орын алмайды. Оқытушыға студентпен жеке өміріне қатысты ақпаратты бөлісуге болмайды. 

3. Оқу орнына қатысты мәселелерді, ақпараттарды талқылау, үй тапсырмасы бойынша туындаған сұрақтарға жауап беру - оқытушы жұмыста жүрген уақытта орындалу керек. 

4. Оқытушыны рұқсатсыз суретке түсіруге болмайды. Суретке түсіріп алды деген жағдайда да, оны әлеуметтік желілерге салу тіпті рұқсат етілмейді.

 Студенттер пікірі

1. Әлеуметтік желілерде жас оқытушыларды көптеп кездестіруге болады. Олар сабаққа қатысты мәселелер бойынша көмектесуге әрқашан дайын.

2. Емтихан алдында оқытушымен кеңесіп алған жақсы. Бұл өзіңді сенімді сезіну үшін қажет. Мұндайда әлеуметтік желі үлкен көмек. 

3. Оқытушымен араласу оны жақын тануға мүмкіндік береді. Жақын танып алғаннан кейін ғана оны түсінуге болады. 

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: eknews.net