Студенттің логикасы

Студенттердің логикасын тексеретін экзамен өтіп жатыр.

Профессор:

- Самолет бортында 500 кірпіш бар. Оның біреусі жерге түсіп кетті. Сонда бортта неше кірпіш қалды?

Студент:

- Осы да сөз болып па?! 499!

- Дұрыс айтасың. Келесі сұрақты қояйын. Пілді тоңазытқышқа салу үшін қандай үш әрекетті орындауымыз керек?

- 1. Тоңазытқышты ашамыз. 2. Ішіне пілді кіргіземіз. 3. Тоңазытқышты жабамыз.

- Ал осы тоңазытқышқа бұғыны қалай кіргіземіз? Бұл жолы 4 әрекет орындауымыз керек.

- 1. Тоңазытқышты ашамыз. 2. Ішіндегі әлгі пілді шығарамыз. 3. Орнына бұғыны кіргіземіз. 4. Артынша тоңазытқышты жабамыз.

- Жарайсың! Бүгін аң патшасы арыстанның туған күні. Оның туған күніне бір жануар ғана келмеді. Не себепті?

- Бұғы әлі тоңазытқыштың ішінде болғандықтан, бұл жиынға келе алмады. Ары қарай кеттік. Әжей қолтырауындар жүретін ми батпақтан өте ала ма?

- Ия. Өйткені қолтырауындардың барлығы туған күнге кеткен.

- Әп, бәрекелді! Бірақ әжей осы ми батпақтан өтіп бара жатып, бәрібір өліп кеткен екен. Неге?

- Мммм... Ол батып кеткен шығар?

- Жоқ, оның басына ұшақтан түсіп қалған кірпіш түсті. Экзаменді қайта тапсырасыз!