Стив Джобс американдық өнертапқыш. Көптеген жылдар бойы миды дамыту үшін жаттығулар жасаған.
Логикалық ойындар
Жаңа мақсаттар миға серпін береді. Сондықтан айналаңызға қарап, мына сұрақтарға жауап іздеңіз: «Жұмыста қанша баспалдақ бар?», «Қоғамдық көлікте қанша жолаушы үстіне бірдей түсті киім киген?», «Жанымнан өткен екі көліктің нөмірін бір-біріне қосқанда қанша болады?», «Қонақ бөлмедегі кілемнің қанша оюы бар?». Осындай сұрақтарды құрастырып алыңыз.
Күнделік жазыңыз
Көп адам үшін күнделік жазу әдетке айналған. Барлығы өз ойын бөлісетін құрал іздейді. Күнделік жай ғана жазба емес, әлдебір іс-әрекетті қалыптастыруға арналған көмекші құрал. Қолымызға қалам алып өз-өзімізге үңілген сәтте ми талшықтары оянып, өзіңізді айнадан көргендей боласыз.
Тыныштық
Стив Джобс ұсынатын келесі жаттығу – тыныштық. 30 минут тыныштықта отырып тек бір ғана затты ойлаңыз. Басқа ешбір дүниеге алаңдамаңыз. Бастапқыда 5 минуттан бастаған жөн.
Өзіңізге тәжірибе жасаңыз
Адам миына кіріп шықпайтын 12 істі жасаңыз. Мысалы, 20 км жерді жаяу жүріп шығыңыз. 12 сағат бойы тамақтанбаңыз. Таңғы асыңызды ыңғайсыз әрі бұрын-соңды тамақтанып көрмеген орында ішіңіз. Бір тәулік бойы сөйлемеңіз. Түні бойы көз ілмей жұмыс істеуге ниеттеніңіз.
Жұмысқа басқа жолмен барыңыз
Сізді сергек етіп, жаңа ақпаратты есте сақтау үшін қолданылады. Мысалы, бұрылыстар, көше атаулары мен ғимараттар сіздің ойлануыңызға итермелейді.
Кітап оқыңыз
Білімімізді байытып, танымымызды кеңейтетін – кітап. Кітап оқып отырып қиялдайсыз, рухани ләззат аласыз. Миға демалыс сыйлайсыз. Миыңыздың жұмыс істегенін қаласаңыз, оған уақыт бөліңіз. Қозғаңыз. Сонда ғана әр нәрсенің шешімін тез табатын ұшқыр ойлы адамға айналасыз.
Жаңа тілді үйрену
Қандай тіл екені маңызды емес. Жаңа тілді үйрену уақытты қажет етеді. Бірақ күніне 10 сөз жаттасаңыз, миыңыз жақсырақ жұмыс істей бастайды. Соңында тілді де меңгеріп шығасыз.
Эмоцияны ұстай біліңіз
1 сағат бойы эмоцияға берілмей әрекет етіңіз. Сізге қойылған сұрақтарға қысқаша жауап беріп, ортаңызда қарапайымдылықты сақтап үйреніңіз.