Қоғамдық стереотип қоғамның бір бөлігі адамның, топтың, құбылыс пен оқиғаның тұрақты әрі жеңіл өмір сүру салты. Одан бөлек, белгілі бір ерекше топқа тікелей қатысты ортақ ой. Мысалы: Италиялықтар қызуқанды немесе қызыл түс қыздарға ғана жарасады. Стереотип қайдан пайда болады? Оның екі себебі бар: 1. Адам оқиға немесе өзге адам туралы жақсы білу үшін өзінің санасын қозғалтпайды. Оның орнына ойында қалып қойған ескі ақпараттың көмегіне жүгінеді. 2. Ақпарат пен уақытың жетіспеушілігі стереотиптің қалыптасуына алып келеді. Ол былай іске асады: аз ғана уақытта шешім қабылдау үшін сіз білетін шағын деректерді біріктіресіз. Қоғамдық стереотиптер жеке тәжірибе, нанымдар мен көзқарас арқылы туады. Бұның барлығы субъективті ой екенін естен шығармаған жөн. Стереотиптер болуы мүмкін: Жағымды; Жағымсыз; Дәл; Біржақты; Бейтарап; Шектен тыс жалпыланған; Шеткен тыс жекеленген. Адамдардың көпшілігі стереотиптерден аулақпын деп өздерін алдайды. Дегенмен, ол әр қоғамда кездеседі: олар адамның ойлау көкжиегіне әсер етіп, кейде шындықты қабылдауға кедергі келтіреді. Ғаламтор, теледидар, адамдармен қарым-қатынас, жеке тәжірибе, бұрыс сезім мен мен ішкі түйсік барлығы адам психикасында стереотиптердің жиынтығын қалыптастырады. Кейде стереотптер шындыққа жақын болады. Әрине, жиі емес. Мысалы, автобус жүргізушілері, қорғаушылар, актер немесе өзге мамандар кәсіби деформацияның құрбандары. Кәсіби деформация адамдарды мамандығына сәйкес жіктеуден туады. Яғни, бір дәрігердің тиянақсыз жұмысы өзге дәрігерлердің атына кір келтіреді. Кейін халық санасында дұрыс дәрігер жоқ деген біржақты ой туғызады. Стереотиптерден толық құтылу мүмкін емес, бірақ олармен өмір сүруді үйренуге болады.