"Стақандағы су" тілек орындайды

"Стақандағы су" тілек орындайды
Фото: 5sfer.com

"Стақандағы су" техникасының авторы Хосе Сильва өзі ойлап шығарған, басты "ингредиенті" интуицияға негізделген психологиялық тренингтерінің нәтижесінде әлемге танымал болды. 

"Стақандағы су" техникасын қолдану
Параққа ой формасын жазыңыз. Мысалы: "Мен өзіме сенімдімін. Менің ішкі жан-дүнием әрқашан жарық пен махаббатқа толы. Жұмыстарымның барлығы оңынан шешіледі". Осы парақтың үстіне су толтырылған стақанды қойыңыз. Алақаныңызды уқалаңыз. Алақаныңыздың арасынан ауа шарын көзіңізге елестетіңіз. Ол сіздің энергияңыз. Алақандарыңызды стақанның жанына жақындатыңыз, бірақ ұстамаңыз. Параққа жазған ойыңызды өзіңізге деген сеніммен және көзіңізге елестете отырып, сырттай немесе ішіңізден қайталаңыз. Содан соң суды ішіп қойыңыз. Осы әдісті таңертең ұйқыдан тұрған соң және ұйықтар алдында жасаңыз. Ойыңыз іске асатын болады. 

Ой формасы
Ой формасы абстрактілі және көп сөзді тілек болмауы қажет. Барлығы нақты, ықшамды және бір мақсатқа бағытталған болуы керек. Егер сізде бірнеше мақсат болса, әр мақсатты әр стақанға жазған дұрыс. Егер ой формасы сауығуға бағытталған болса, судың емдік қасиеті арта түседі. 

Парақ
Біріншіден, ойыңызды айтып қана қоймай, оны жазған кезде ол қосымша күшке ие болады. Екіншіден, суы бар ыдысқа жабыстырылған бір сөз болсын, суды ақпаратпен қуаттандырады. Суды мұз ғып қатырып, микроскоппен көруге болады. Тәжірибелер нәтижесі бойынша, "Мен сені сүйемін", "Рақмет", "Сәлеметсіз бе" сөздері айтылған суда өте әдемі түйіршіктер туса, жағымсыз сөздерден көріксіз мұздар пайда болған. Әрине, бұл жерде бастысы тілекті жазып отырғанда және оны стақанға жабыстырғандағы адамның шын ниеті болып отыр. 

Қолдың күші
Соңында, қолыңыздың энергиясы ойыңызды күшейтіп, су жылдам қуаттанады. Суда жазылған ақпарат барлық денеге тарап, тапсырылған ниеттің орындалуына морфологиялық био жазықтық құрады. Қазір келіспесе, жаттығып үйренген соң, 1 аптадан кейін жүзеге асуы мүмкін. 

А. Жапатова