Ұзақ мерзімді күйзеліс адамды үлкен қиындықтарға душар етеді. Бұл қауіпті сценарийді саналы түрде жоя алмасаңыз, одан пайда болатын салдардан арылу әлдеқайда қиын болады. Сонымен, күйзеліс тудыратын негізгі мәселелер қандай? Сананы күңгірттендіредіКөптеген зерттеулер мен күйзеліске жиі шалдығатын адамдардың бақылауларына сүйенетін болсақ, созылмалы күйзеліс сергек адамның өзін есенгірететіні күмән туғызбайды.Әдетте бұл психологиялық дерт адам назарының бір нысанға шоғырлануын, есте сақтау қабілеті мен логикасын, ақылға қонымды шешімдерді қабылдау қабілетін бәсеңдетеді. Ұзақ уақытқа созылған стресстің барысында адамның бәрі сыни ойлау мен саралау қасиетінен айырылады. Жүрек ауруларының пайда болу қаупін арттырадыСтресс жүрек жиілігі мен соғу күшін арттырады, артерияларды тарылтып, жүрек ырғақтарына әсер етеді. Қан қысымының жоғарылауы үнемі мазалап, адам өзінің қалыптасқан өмір сүру дағдысынан ауытқи бастайды. Иммундық жүйені әлсіздендіредіАдам ағзасы әлсіздігінен инфекциялар ықпалына жиі түсіп, суық тию немесе тұмаумен ауыру жиілігі мен ұзақтығы артады.Карнеги институтының зерттеуі бойынша, стресс ағзаны токсиндер, вирустар мен у секілді зиянды заттардан қорғайтын гематоэнцефалит кедергісіне кері әсер етеді. Ерте қартаюға алып келедіСтресс адамның физиологиясына, соның ішінде, қанға тікелей әсер етеді. Қан ағымының теріге жетуі қиындайтындықтан, ол сарғайып қартая бастайды. Өзге аурулармен қоса, Альцгеймер ауруына да шалдығу қатерін туғызады. Артық салмақ қосу мен ас қорыту жүйесінің бұзылуына алып келедіКортизол аталатын стресс гормоны ағзада майдың жиналуына ықпал етеді және майларды, тұз және қантты тұтынуға деген ықыласты жоғарылататынын атап өтеміз. Көңіл-күйді бұзып, адамдармен қарым-қатынасты нашарлатадыКүйзеліске түсуге бейім адам психологтар мен психиатрлардан басқа ешкімге қызық емес. Ондай адамдар айналасындағылардың назарына ілікпейтіндіктен жалғыз қалады. Бұл ұзақ әрі терең депрессияға алып келеді. Ескі ауруларды қоздырадыСозылмалы стресс пен бас ауыруы, бұлшықет ауырсынуы арасындағы айқын байланыс бар. Мұның бәрі артритке әкелуі мүмкін. Теріге, шашқа және тістерге әсер етедіСтресске байланысты гормоналды ауытқушылықтар мен қанның теріге қажет мөлшерде жеткізілмеуі адамның сырт келбетінің көріксізденуіне алып келеді. Экзема да стресске байланысты орын алады. Шаштың түсуі мен қызылиектің босаңсуы созылмалы уайымнан туындауы әбден мүмкін. Жаман әдеттерге жол ашадыӘдетте күйзеліске бейім адам уайымын жеңілдету үшін түрлі жаман әдеттерге үйір болып кетеді. Бұл оны жан дертінен арылтпай, керісінше, оның одан әрі асқынуына әкеліп соғады.