Достықты қадір тұту қанымызға сіңгендіктен, кез келген адаммен тіл табысып кете аламыз. Алайда арасында қой аузынан шөп алмас момын адамдар да кездеседі. Сөз бастаудан қорқатын адамдарға төмендегі 5 кеңесіміз көмектесіп, әңгімелесушісімен байланыс орнатуға септігін тигізеді.
1. Өзіңіз де, әңгімелесушіңіз де ұялшақтығын жеңе білгені жөн. Оның да сіз секілді ұялып отырғандығын еске түсіру арқылы бұл сезімді бәсеңдетуге болады.
2. Талқылауға қызықты болатын ортақ тақырып табыңыз. Ортақ тақырып болмаған жағдайда әңгімелесушіңіздің қызығушылығына қарай икемделе түсіңіз.
3. «Иә», «жоқ» деп қысқа жауаппен қайыруға болатын сұрақтар қоймауға тырысыңыз. Кеңге салып, көсіле талқылауға болатын сұрақтар қоя біліңіз.
4. Әңгімелесуші тыңдай білу қасиетімен ұтады. Айтқандарына құлақ асып тыңдай білсеңіз, әңгімелесушіңіз дәл сондай жауап қайтарады.
5. Кешкі жаңалықтар мен радиодан айтылғандарды талқылауға дайын болыңыз. Қарым-қатынаста айтылатын мәліметтер өзектілігімен ерекшеленеді.
Халқымыз ежелден қонақжайлылығымен, достықты қадір тұта білу қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиетімен адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты, адамгершілікті құрмет тұтатындығын көрсетеді. Халқымыздың жоғарыдағы қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған.
Қорытындысында қарым-қатынастың кілті шынайылығында екендігін айтқымыз келеді. Шынайылықтан өзгесі қосымша ғана.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: vk.com