- Негізгі бет
- Психология
- Іскер әйелдің әлсіздіктері...
Іскер әйелдің әлсіздіктері
Сіз үйді де, түзді де тасқайрақтай қағыстыратын пысық әйелсіз бе? Отбасы табысын қатаң қадағалап, өмірден не қажет екенін анық біліп, ақшаны күйеуіңізден көп табасыз ба?
Пысық әйелге тап болған еркекке көбі қызыға қарайды. Үйі мұнтаздай таза. Сол еркектің киімі үтіктеулі, тамағы тоқ. Дегенмен, ылғи бір нәрсеге көңілі толмайды... Әрине, отбасында билігі жүрмегендіктен, еркек қынжылады. Мәселені шешудің оңай жолы: «Қымбаттым, сенің қолыңды кім байлады?», - деу шығар. Бірақ мұндай әңгіме ешбір еркекке ұнай қоймас, қайта ашуын тудырасыз. Барлық жасағаныңды ешкім бағаламаса, өзіңе де оңай емес, көңіліңе тиеді. Ал ол мойныңа мініп алса да, разылығы жоқ.
Сонша күш пен уақытыңызды жұмсаған қарым-қатынасқа сызат түседі деп қорқасыз.
Бірден қолынан түк келмейтін мардымсыз жан кейпіне ауысудың қажеті жоқ. Еріңізбен кімнің неге жауапты екенін анықтап, келісіп алған дұрыс. Айтпақшы, жұмыстарыңыз түрлі саладан болған адаммен мұндай жағдай болмауы мүмкін. Сіздің қолыңыздан келмейтін жұмысты атқара отырып, ер адам өзін жайлы сезінеді. «Іскер әйел» кейпіңізді табалдырықтың ар жағында қалдырғаныңыз жөн. Өзгелер қорқақтайтын әйелдің оның қасында жібектей болғаны әр азаматтың жанына балдай жағады.
Пысық әйелдің балалары – әрдайым кеудемсоқтық жоба
Сіз балаларыңыздың жақсы білім алып, өте тәрбиелі болып өсуі үшін, еш нәрсені аямайсыз. Бірақ қатал анасының балалары бақытты балалық шағынан айырылуы мүмкін. Кішкентай балаларыңыз сіздің махаббатыңыз оларға емес, тек белгілі бір жетістіктеріне арналады деген ойға келуі де ғажап емес. Және қатал ата-ананың балалары мектеп неврозына жиі шалдығады. Себебі, әрбір нашар баға үйде үлкен сөгіс не жазамен аяқталады. Дегенмен, бұдан өзіңіз де жапа шегесіз.
Талабыңызды жоғарылата отырып, «Баламның оған әлі жетеді ме?» - деп өзіңіз уайымға салынасыз. Уақыты келгенде, балаңыздың неге икемі барын байқап анықтаңыз. Сонда ол өзі қалаған нәрсемен шұғылданып, ал сіз оның жетістіктеріне қуанып жүресіз.
Жұмыстағы ұжымыңыз – нағыз талантыңыздың жемісін көретін жеріңіз.
Себебі, сіз еңбекқор, қатал және мансопқор адамсыз. Тіпті қол астыңыздағылардың барлығы әрдайым жұмысқа мерекеге барғандай, қуана келмеуі мүмкін. Оларды кейде арамтамақ ретінде көріп, тәртіпке шақырып, ашуланасыз. Дегенмен, артық эмоцияға берілмей, өз денсаулығыңызды ойлаған дұрыс.
Әр жағдайды ақылға салып, байсалды пысық әйел бола біліңіз.
Сурет: ImageSource/Fotolink
Massaget