- Негізгі бет
- Психология
- Скайптағы кездесу...
Скайптағы кездесу
Ғаламторда танысып, хабарласып, жұп құрып жатқандар аз емес. Әрине "онлайн" кездесу тірідей кездесуді алмастыра алмайды. Алайда, ғашығыңызбен түрлі қалаларда болып, басқа амал болмаса, скайптағы кездесуден дұрыс шешім жоқ. Ендеше скайптағы бейне кездесуге дайындалайық.
Фон таңдаңыз
Ноутбуктың алдына кездесуге отырмас бұрын, артыңыздағы фонға мұқият қараңыз. Скайптың ар жағындағы жігітке бөлмеңіздегі шашылған киім-кешек, тағам қалдықтары көрініп қалмай ма? Артыңызда шам болмағаны да дұрыс: ол досыңызға бөгет жасайды.
Ракурс таңдаңыз
Егер веб-камераңыз ноутбуктың мониторында болса, оны қажетінше еңкейтіп, өзіңізге шақ ракурс таңдаңыз. Ал егер камера компьютерден бөлек болса, оның баптауларын жөндеп, дұрыс жерге орнатыңыз (мысалы монитор үстіне). Кездесуде жігіттің көзіне тура қарау керек қой!
Жарықты жөндеңіз
Тек монитордың түсі жарықтандырып тұрған бет досыңызға онша жақсы көрінбейді. Сол себепті алдыңызға қырынан шам қойыңыз.
Компьютерден алысырақ отырыңыз
Тым жақын отырсаңыз, сүйіктіңіз 3-те 4 суретімен кездесуде болады. Сондықтан сәл алысырақ отырған жөн.
Шашыңызды жіберіңіз
Жігіт сізді тек алдыңыздан ғана көретіндіктен, жасаған кез келген шаш сәнін байқай алмайды. Одан да шашты жіберіп, табиғи сұлулығыңызды көрсетіңіз.
Жеңіл макияж жасаңыз
Қатты боянудың керегі жоқ: сіз үйде емессіз бе? Бірақ жеңіл-желпі боянудан бас тартпаңыз.
Қарапайым киініңіз
Жағдайға сай, қарапайым киініңіз. Арнайы кездесу үшін көйлек киіп, шашты сәндеу керек емес. Алайда киіміңіз тым қарапайым, үйдегі киетін шорты мен футболка болып қалмасын.
Алдын ала тексеріңіз
Алдын ала бейнеңіз бейнекамера арқылы қалай шығатынын тексеріп алыңыз. Бейнекамераны барынша баптап, кездесуге алдын ала дайындалып алған дұрыс.
Ал сіз скайпта кездесулер ұйымдастырасыз ба?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: partnersforabetterworld.com
С. А