- Негізгі бет
- Психология
- Шыншылдық бәрінен маңызды...
Шыншылдық бәрінен маңызды
Шайдай ашық бір сенбіде досым екеуміз гольф добыын ойнауға бардық. Ол жанына екі ұлын ерте барған еді.
Доп алаңына кіру билетін сату орынына келіп, билет сатушыдан бағасын сұрайдық. Билет сатушы жігіт:
- Алты жастан асқандардың әрбірінен 3 доллар аламыз. Ал алты жасқа толмағандар ақысыз кіреді. Сіздің екі ұлыңыз қанша жасқа кірді?
- Отбасымдағы болашақ адвокат 3 жасқа, болашақ дәрігер 7 жасқа толды. Сонда мен сізге 6 доллар беруім керек екен, мырза, - деді күлімсіреп.
Билет сатушы жігіт сәл аңтарыла қарап:
- Мырза, кешіріңіз, ақшаңыз қалтаңызды тесіп бара ма? 3 доллар үнемдеп қалсаңыз не етер еді. маған ұлыңызды алты жасқа толмады деп айтсаңыз болды емес пе? Бәрібір оны анықтап жатқан жоқпын.
Досым бір күліп алып:
- Йә, шынында оның қанша жаста екенін біліп жатқан жоқсыз ғой. Бірақ, менің ұлым өзінің қанша жасқа толғанын біледі. Ол бәрін де естіп тұр. Мен 3 доллар үшін «суайт әке» атанғым келмейді, - деп жауап берді.
Шынында да ол гольф добы алаңына емес, өмір алаңына екі бірдей бүлдіршінді бастап бара жатқан әке ғой. Ал бұл күрделі «алаңға» аттанып бара жатқан сәбилер қашан да қырағы. Олар үшін сіздің өзгелерге айтқан сөзіңіз де үлкен әсер қалдыратынын ұмытпағанымыз жөн екен-ау.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baiu.com
Қ. Қауымбек