Шын сүю мен ұнату

Шын сүю мен ұнату

Осы адам баласы болғасын кейбір пендешілігімізді жасырмағанымыз да жөн бе деп қаласың. Оның өзін басқалармен бөлісіп отырсаң өзіңе сабақ, өзгеге ақыл болары хақ. Бір-ақ нәрсе, адамдар арасындағы сезімді айтайықшы.

Біз кейде жай ғана жақсы көру мен шын сүюдің аражігін ажырата алмай қалатын тұстарымыз көп. Сүйте тұра өз жүрегіміздің шын сезімін сезінбей тұрып, «Сүйемін» деген сөзді тым арзандатып жіберетін сыңайлымыз. Сол туралы қарапайым ғана ой бөлісіп көрелікші. Сіздерге қалай екенін білмеймін, жалпы мынадай көңіл күйге өз басым талай жолыққам.

Жай ғана жақсы көру мен сүюдің парқын мынадай қылып жіктеп көрелік. Сіз оны жай жақсы көресіз – A. Cіз оны сүйіп қалдыңыз – B.

A: Көптен бері хабарласпай, бір күні оның телефонын қабылдаған сәтіңізде қуанышқа бөленесіз. Және еш кедергісіз емін еркін қызу әңгімеге түсесіз.

В: Дәл сондай сәтте тағатсыздана одан телефон күтесіз, не өзіңіз еріксіз телефон жалғайсыз. Сүйте тұра арада не әңгіме айтарыңызды білмейсіз. Тым қиын жағдайға қаласыз.

А: Тек кездескен кезіңізде ғана оның өзіңізге жақын адам екенін ойлап қаласыз.

В: Әр күн, әр уақыт оған кездесіп қалуды армандайсыз.

А: Жақсы көру – тым тәтті сезім.

В: Шын сүю – Ол да тәтті, бірақ, ащы азабы бар...

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: grehu.net

Massaget