Жанымыз бен тәнімізде шылым шегу, тырнақ тістеу секілді жағымсыз қасиеттермен қатар аталатын өзге де әдеттер бар. Олардан арылатын кезіміз келген сияқты.
1. Үнемі қолдау іздейміз де тұрамыз. Өзін өзгенің пікіріне қарап бағалайтын адам өзін сыйламайды. Өмір атты күнделігімізде бестік бағаға ұмтыламыз деп қалағанымызды жасаудың орнына мақтауға тұрарлық іс-әрекеттер ғана жасаймыз. Ойланып көрейікші, өмірімізді өзгелердің пікіріне тәуелді етіп құрастырғанымыз қаншалықты дұрыс?
2. Үнемі үміт арту. Әрине үміт отының ең соңғы болып өшетіні бәрімізге мәлім. Алайда мақсатқа ұмтылу жолында тек қана үміттеніп қойғанымыз жеткіліксіз. Себебі жоспарлар құрып қимылдаудың орнына, жатып алып мақсатымыздың орындалуын тілеумен ғана боламыз. Қанша жоққа шығарсақ та, бұл дәлелденген. Болашақ жарым әйтеуір жолығады немесе мен қызметімде жоғарылаймын деген арманыңыз болса, осылардың орындалуы үшін жақсы нәтижелер көрсетіп, өзіңізді тек жақсы қырыңыздан көрсете білуіңіз керексіз.
3. Бақталасу әдеті. Әрине, спорт жарыстарында, интеллектуалды олимпиадада бақталас болған жақсы. Бар мәселе барлық істе бәрінен де жақсы болуға ұмтылған кезімізде басталады. Осы ұмтылыс барысында адамгершілік қасиеттерді ысырып қоюға мәжбүр боламыз. Неге? Өйткені мұның астарында өзімізге деген сенімсіздік жатыр. Ұстаздан шәкірт озып отыратындығын мойындағанымыз жөн сияқты. Өзгелерден артық емес, бар болғаны өзіміздің бұрынғы қалпымыздан жақсырақ болайық.
4. Салыстыру әдеті. Нақтырақ айтқанда өзгелермен салыстыру. Әдетте бұл әдет ата-аналардың өз балаларына жақсы балаларды үлгі етіп айтуынан қалыптасады. Өзгелерден мың мәрте мықты болып озып тұрсақ та, баға берудің қажеті жоқ. Себебі әр адамның дәрежесі әртүрлі. Олардың сарбаздардай бір саптың бойына тізіп қою мүмкін емес.
5. Алдап-арбау әдеті. Алдап-арбау тәсілі арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады. Алайда бұдан кейін өз күшіңізге сенбейтін боласыз. Өспейсіз, үйренбейсіз және дүниетанымыңыз да кеңеймейді. Алдап-арбаудың жаңа тәсілдерін іздегенше, мәселені дұрыс шешуді ойластырып көргеніміз жөн секілді.
Ал сізде осы әдеттердің қайсысы бар?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: favim.ru