- Негізгі бет
- Психология
- Шығармашылық ой қалай...
Шығармашылық ой қалай туады?
Толстой мен Эйнштейн аралығында данышпандарды тізіп айта беруге болады. Бірақ, олардың данышпан болу себебін анықтамасақ, бұдан бізге не пайда? Ең алдымен, дүние кезген данышпандар даналыққа бастар жолда "Ғажап!" деген бір ауыз сөзді айту қанша арпалысқа түсті екен? Біз оны қайдан білеміз, бүгінгінің адамдары керемет ойлар табан астында жатқандай көреді. "Ғажап!" сөзі айтылар көреген ойдың ертегі екенін біліп жатқандар бар ма?!
Кешегі даналардың басына жемісті ой бірден келді десек, кім сенер. Ал егер көк жасыл бояу алған жемісті ойлар мидың мың сан шатпағынан туады десек, ақиқаттан алыстамаймыз. Теңізді тамшыдан құралатыны сияқты, ойдың ойлаудан (ойлар жиынтығынан құралатыны) тұратынына бір негіз.
Мәселен, Альберт Эйнштейн көзге елестету арқылы ойлайтынын тұжырымдап өткен: "Сөз менің ойлау процессімде ешқандай рөл ойнамайды. Ойлар менде белгі немесе образ түрінде туылады. Оларды сосын толық бір бүтін картинаға жинақтаймын".
Ағылшын жазушысы Джессика Митфорд өз шығармаларымен үнемі "диалогта" болып отырған: "Ең біріншісі, менің жасауым тиіс нәрсе - кешегі күнгі жазғанымды оқу және түзетулер енгізу. Сосын барып қана, одан арғы жүрісімді бағдарлаймын".
Ал суретші Бен Шан болса, шығармашылық процессті "ой мен обаз аралығындағы арқан тартысы" деп есептеген.
Ақын Мэй Сартон жазуынша: "Біз өлең жазғанда, өлеңнен көп нәрсені үйренеміз. Жазылып қойған нәрсені қайта қараудан өткен жалығарлық іс жоқ".
Шығармашылық процесс ешқашан тура әрі жұмсақ өтпейді. Шығармашылықта толассыз табысқа жетіп жүрген жандар, ең алдымен, ұлы ойларды жүзеге асыруға керек болатын алғашқы бастама тетіктерді жасап қояды екен.
Бір қызық: керемет ойлардың душта келіп тұратын сәттері болады. Сол себепті, душқа түсерде өзіңізбен бірге қойын дәптер алып кірген абзал.
- Шығармашылық нұрға бөлену өздігінен келеді деп күтпеңіз.
- Барлық ойларды жазып алып отырыңыз. (Данышпандардың көбі өздерімен бірге қойын дәптер алып жүрген).
- Ескірмеген ойларды есептен шығарып тастамаңыз. Егер олармен азды-көпті жұмыс жасасаңыз, барлық ой бір қажетке жарайды,
- Басқа бірінші келген ойды ұстанып, тұрақтап қалмаңыз. Іске асыруда жарамсыз болуы мүмкін.
- Асықпаңыз. Уақытты бекітуден сіздің ой ұшқырлығыңыз артпайды.
- Ойлармен ойнап көріңіз: жеке бөліктерге бөлу; асты-үстіне төңкеру; бір-бірімен салыстыру.
Г. Берік