- Негізгі бет
- Психология
- Шыдамдылықтың зияны ...
Шыдамдылықтың зияны
"Шыдамдылық – ең жақсы қасиет, сабыр түбі – сары алтын" деп жатамыз. Бірақ темірдей төзімнің зияны да бар екен. "Ол қалай?" дейсіз ғой.
Кейбір жағдайда шыдау орынсыз. Мысалы, сізге біреу (күйеуіңіз, енеңіз, бастығыңыз, т.б.) үнемі қысым жасаумен келеді, ал сіз соған шыдап, үнсіз жүрсіз делік. Жылдар бойы қысым көріп өмір сүрген қаншалықты дұрыс? Мына сұраққа ойланып көрейік: Сіз шыдап, үнсіз жүрсіз, соның кесірі өзіңізден басқа адамдарға да тимей ме?
Сіз алдыңызға бір мақсат қоясыз, бірақ, бір сәтте жоспарыңыз өзгеріп шыға келді. Бұл сізге ұнай ма? Өз-өзіңізді қинағаннан гөрі денеңізді бос ұстап, терең демалып: "Мынау менікі ме?" деген сұраққа ойланғаныңыз жөн. Мысалы, жаныңызға бөтен ұжымда өзіңізге ұнамайтын іспен айналысу сізді қажытып жіберетіні рас. Сондай-ақ құрбыңыздың бос сөзін тыңдаймын деп алтын уақытыңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін. Сондықтан шыдайтын жерде шыдап, шыдамайтын жерде шешім қабылдағаныңыз дұрыс.
М. Оңғарова