Jan Saya қолданушымыз Massaget оқырмандарына мынадай қызықты жазбасын жолдапты. Jan Saya-ның айтқандарымен келісесіз бе?
Кейбір ару қыздарымыздың "Шіркін, ер болып туылғанымда ғой!!!" деп күрсініп қоятындары да бар. Олар неге жігіт болуды армандайды?! Себебі көп екен.
Мәселен:
- Еркектер жыламайды. Жыласа да, макияждары ағып кетпейді;
- Еркектерді көп өсектемейді. Өсектесе де оларға бәрібір;
- Ұсақ-түйекке араласпайды. Еркектер күн сайын таңертең жұмысқа тек маңызды істер күтіп тұрғандай кетеді;
- Жігіттерге бәрін істеуге болады. "Қыздың жолы жіңішке" деген сөздің оларға қатысы жоқ;
- Теледидар пульті үнемі соның қолында;
- Күн ыстықта жейделерінің омырауын ағытып жүре алады;
- Үйде немесе спорт-барларда есі кеткенше айқайлап, жанкүйер болады;
- 1 апталық іссапарға 1 шағын сөмкемен кете береді;
- Душқа түсіп, қырынып шығуға 10 минут жетеді;
- Отбасын құрғанда фамилияларын өзгертпейді;
- Таңдау көп. Себебі, Қазақстанда бойдақ қыздар көп ( 1 жігіттің басына 7 қыздан);
- Досының туған күніне ешқандай сыйлықсыз бара береді;
- Бірлікті өте аз жұмсайды. Себебі, еркектер ең маңызды жаңалықтың өзін 30 секундта айтып болады;
- Кез келген жерде, қалаған уақытында суға түсе береді;
- Еркектерге 1 жылға 3 аяқ киім жетеді;
- Семіріп немесе арықтап кетемін деп қорықпайды. Семіріп немесе арықтап кетсе де, ол үшін уайымдамайды. Себебі оған ешкім назар аудармайды;
- Олар 35 жасқа дейін бойдақ болып жүре алады.
Ал сіздер ше, аяулы ару қыздар, еркек болып туылудың қандай артықшылығы бар деп ойлайсыздар?!
Жолдаған: Jan Saya
Сурет: goodfon.ru