Ішкі сыншы сізге ылғи дұрыс емес немесе өміріңізді сәтсіз деп қайталап отыратын сіздің басыңыздағы жағымсыз дауыс. Ол қауіпті. Сонымен қатар, ол ылғи сізге тәуекелге бел буып шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді, жолыңызды бөгеп отыратын кездері көп болады. Ол сіздің қорқынышыңыз арқылы семіреді. Ішіңізде дәл осындай сыншының барын білудің ең жеңіл тәсілі басыңызда міндеттісің деп айтатын дауысты қаншалықты жиі еститініңізбен байланыстырыңыз. Мер ертерек кетуге міндеттімін немесе Мен осыны күнде жасауға міндеттімін. Ішкі сыншы сізді өзіңізге міндетті етіп қояды. Кәсіби баскетболшылар мен футбол ойыншылары өздерінің қарсыластарын мазақ ете отырып, олардың өздеріне деген сеніміне күмән туғызуға жағдай жасайды. Майкл Джордан осы арқылы танымал. Өкінішке орай, өзгелерсіз-ақ адамдардың көпшілігі өздерін қатты сынға алады. Біздің өзімізге деген толассыз сын тағуымыз қабілетіміздің шынайы екеніне күмәндануға алып келеді, қолымыздан келмейді деген ой қалыптастырады.Дәрігер Филипп Голдин: Адамдар денсаулығына байланысты жұмысқа бармайды, өйткені, ол уақытта олардың өнімділігі төмендейді. Бірақ, өнімділікке кедергі физикалық ауру емес, адамның ішкі ауруы психологиялық дерт. Ішкі сын инновация мен шығармашылыққа кедергі келтіреді, деген болатын.Кейде адамдар, өзіне деген сенімсіздік бер үздіксіз сын адамға көмектеспейді, бірақ, оны жеңуге адамдар қауқарсыз.Ішкі сын қалай жұмыс істейді? Сіздің миыңыз жағымсыз сенімдермен ақпараттар аймағын толтырып алады да, болашақта тууы мүмкін мүмкін сәтсіздіктерді елестете бастайды. Сол бойда адамның ойына оның сәтсіздігіне өзгелердің қалай қарайтыны туралы ақпарат келіп түседі. Ұялу мен қорқыныш сезімі үдейеді. Адам сол ортадан қашқысы келеді немесе тығылып қалуға асығады.Ал, шындығында не орын алады? Бұл сіздің ішкі ыңғайсызыдғыңыз ғана. Яғни, сіз оны өзгерте аласыз.Бір рет ішкі сынға қарсы төтеп беріңіз. Сол кезде, оның жай ғана қорқыныш екенін ұғасыз. Санаңыз қорқыныштың бәрі өтпелі нәрсе екенін ұқпайынша сынға төтеп бергеніңіз дұрыс.Ішкі сынды қабылдайтын уақыт болады, ал, кейде елемеуге тура келеді. Дәл сыртқы ортаның пікірі іспеттес.