Өмірдің шынайы бағытын шешім қабылдау арқылы ғана анықтауға болады. Өмірінде әр адам бір рет болмасын «Шешімді қалай қабылдаймын? Қабылдаған шешімім дұрыс па? Өзімді алдап жүрген жоқпын ба?» деген секілді сұрақтар қояды. Шешімді қабылдауға ар-ұят, өзге тұлғалардың пікірі, моральды принциптер, мемлекеттік ата заң, ата-ана әсерін тигізуі мүмкін. Адамдар осы секілді әсер етуші факторлардың арқасында адасып, өзінің шын мәнінде нені қалайтындығын ұмытып қалады.
Бірінші кезекте шешімді қабылдау арқылы ішкі жан дүние толысады. (Бала өмір туралы еш нәрсені білмейтіндіктен, жауапкершілікті ата-анасы көтереді). Алғашында жауапкершілікті көтеру қиынға соғады. Оны әдетте жақындарының қолдауынан айырылған, өз аяғында нық тұра білетін жандар қабылдайды. Алғаш қолдаудан айырылған кезде алдыдағы бұрылыстан қиындық шыға келетіндей барлығы да қорқынышты көрінеді. Сол себепті көпшілік адамдар өмір бойы «ересек сәбидің» күйін кешіп жауапкершіліктен бас тартады. Барлығын мемлекетке, оқиғаға, өзге адамдарға сілтейді. Ал шешімді өзі қабылдау арқылы және сол шешімге деген жауапкершілікті көтеру арқылы рухани тұрғыдан өсуге болады.
Әрдайым шешім дұрыс болсын, бұрыс болсын адамның өзі қабылдап, жүрегіне құлақ асқаны жөн. Олай болмаған жағдайда сенім мен күдік араласып, нәтижесінде құлдырауға алып келеді.
Бүгіндері «қателіктерден сабақ алу керек», «қателіксіз іс болмайды» деген тіркес сәнге айналды. Бұл көзқарасты толықтай жақтауға болады. Осы қателіктердің арқасында келесі шешімдерді саналы түрде қабылдауға болады.
Шешім қабылдауда төмендегі әрекеттерді орындауға кеңес береміз:
Өзіңізге уақыт беріңіз
Кез келген шешімді қабылдау үшін уақыт керек. Және сол уақытты осы мақсатқа жұмсай білген жақсы. Бағзы замандарда ақылды қариялар шешім қабылау үшін жыраққа барып кең тыныстап, өздерімен сырласатын болған. Қазір өмірдің жылдамдығы соншалық, бір минут тоқтап тыныстауға уақыт жоқ. Ал уақытсыз шешім қыбалдау қиынға соғады. Болатын оқиғаларды алдын ала жоспарлаудың да маңызы зор.
(Мысалы, орманда адасып келе жатып көлік жүретін жолға шыққыңыз келді. Алдымен аялдап барлық дыбыстарды тоқтатасыз. Ол дыбыстар аяқ астындағы жапырақтар мен қар болуы мүмкін. Сол себепті барлығына уақыт керек).
Сезімге ерік беру
Қиын жағдайда санамыз ойланудан шаршап сезімдерге ерік береді. Немесе ақылды ойлар көбейіп, олардың арасында шатасуымыз мүмкін. Бұндайда сезімдер көмекке келеді. Бұл сезім қуаныш, кек, қорқыныш болмауы тиіс. Кейбір адамдар осы сезімдерімен сырласа білсе, екіншілері оның не екенін түсіне бермейді.
Біріншіден, ешкім мазаламайтын жер тауып, назарыңызды бір затқа бағыттаңыз. Көзге бірден түсетін жылтыр зат болғаны дұрыс. Артынша ыңғайланып отырып, өзіңізді тыңдаңыз.
Шешімді қабылдаған соң сенімсіздік орнайтын кездер болады. Іштей мазасызданып, өзіңізге сатқындық жасап жатқандай сезінесіз. Бұндай жағдайларда «Бұл жерде не үшін жүрмін? Бұны не үшін жасаймын? Шешімдерім қаншалықты маңызды немесе маңызы неде?» деген секілді сұрақтар қойыңыз. Осы сұрақтарға жауап іздеу арқылы бір шешімге келе аласыз.
Күдікпен күрес
Сыртқы әсер етуші факторлардың көмегімен таңдалған шешім күдікке алып келеді. Бұндай жағдайда кез келген шешім қате. Ең дұрыс шешім – өзіңізді үгіттемеу. Оны қабылдамауға, аз босаңсуға мүмкіндік беріңіз. Демалыңыз.
Құрбандықпен келісу
Шешімді қабылдаған кезде екінші нәрседен бас тартатыныңыз анық. Сол бас тартқан нәрсеңіздің не екенін анықтаңыз. Құрбандықпен келіскен соң өкінбеудің бірнеше жолы бар. Ең алдымен оны энергияға толтыру керек. Бұны «Егер мен осыны таңдасам өмір бойы өкінетін болам, сол себепті...» деген сөйлемнің көмегімен жүзеге асыруға болады. Позитивті ойларды ұната бермейтін болсаңыз, оны санаңызда мақсат ретінде ұстауыңызға болады.
Ал сіз шешімді қалай қабылдайсыз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: sosnovskig.ru