Өмір тек қана қуанышты, бақытты сәттерден тұрмайды. Кейде көңілің құлазып, жалғыздықтан жабырқап, жаныңа медеу болар адамды іздейсің. Осындайда қысылмастан есігін қағып баратын немесе қоңырау шалатын адамдар бар... Бірақ олардың сенен де маңызды дүниелері бар екенін түсінесің де, өзіңді тежеп қаласың. Дәл осы сәтте қарама-қарсы қабырғада жазулы тұрған мына бір сөздерді оқып шығыңызшы...
Жер бетінде сен үшін жан беруге даяр кем дегенде 2 адам бар.
Кем дегенде 13 адам сені өзінше жақсы көреді.
Өмірде сені жек көретін адамдардың жалғыз ғана себебі бар – олар жай ғана саған ұқсағысы келеді.
Сенің күлкің сені ұнатпайтын адамдардың өзін бақытты ете алады.
Әр түн сайын әйтеуір бір адам сені ұйықтар алдында ойлап жатады.
"Мынау менің өмірдегі ең үлкен қателігім" деп өзіңді тауыса берме! Оның артынан міндетті түрде бір жақсылық келеді.
Өмір сенен теріс айналып кетті деп ойлайсың ба? Бөгелме, өмірге басқа бұрылыстан қарап көр.
Есіңде сақта: өмір міндетті түрде екінші мүмкіндік береді. Сол кезде бәрі жақсы болады!
Әр таң сайын көңілсіз оянушы болма. Мұндай қателік үшін өмір тым қысқа.
Саған дұрыс қарайтындарды ештеңеге қарамастан жақсы көр. Ал сенен айналғандарға назар аударма, түс секілді ұмыта сал.
Сүйсең – сүйдім деп айт, сағынсаң – сағындым деп айт, жек көрсең – ұмыт, кек пен ызаға уақытыңды құртпа!
Өміріңде болған әрбір жағдайдың өз себебі бар. Бүгініңе өкінбе және өкпелеме!
Күтпеген жерден мүмкіндік пайда бола қалса, оны аялай біл. Бұл мүмкіндік сенің өміріңді өзгертуі мүмкін.
Ешкім саған өмірді оңай деп айтқан жоқ. Олар жай ғана қиындыққа төтеп беруге болатындығына уәде берді.
Суреттер: vk.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева