- Негізгі бет
- Психология
- Шаш үлгісін қай...
Шаш үлгісін қай уақытта өзгертуге болады?
Халық арасында шаш үлгісін өзгерту арқылы өміріңді өзгертуге болады деген ырым бар. Шашты түнде қиюға, шашты аяқ астына тастауға болмайды, екіқабат әйелдер шашын кеспейді деп жатады.
Ал магия шаштың ғарышпен байланысы бар екенін айтады. Егер шашты өзгертсе, адамның өмірі өзгереді екен. Жалпы шаш үлгісін өзгерту адамға жақсы жағынан әсер ететінін мойындау керек. Түрлі күш жайлы айтпағанның өзінде бейнеңіз өзгеріп, өзіңіз де бір сергіп қаласыз. Ал қонымды шаш үлгісі сіздің ажарыңызға әр үстемек.
Шашымды өзгертем деп шешсеңіз, мына қағидалар есіңізде жүрсін.
Шаштараз таңдаймыз. Егер беліңізге түскен ұзын шашыңызды иыққа дейін кесіп тастауды ұйғарсаңыз, қымбатқа түссе де, белгілі шаштаразды таңдағаныңыз жөн. Жолда кездескен кез келген шаштаразға шашыңызды сеніп тапсырмаңыз. Өйткені шаштараздан мүлде басқа адам боп шығасыз.
Өз шашыңызды өзіңіз кеспеңіз. Шаш түгілі кекілді де өзіңіз қимаңыз. "Адам өз шашын өзі қиса, басындағы бағын бірге кеседі" деп жатады.
Ел арасында айтылып жүрген шашты кесуге қолайлы және қолайсыз күндер де бар екен. Бұл тек қана болжам, сондықтан шашыңызды қай күні кесем десеңіз де, өз еркіңізде.
Дүйсенбі. Қолайлы күн. Бұл күні шаш кессеңіз, жағымсыз эмиоциядан арылып, тығырықтан шығатын жолды табасыз. Шашты бояуға да ыңғайлы күн.
Сейсенбі. Бұл да шаш үлгісін өзгертуге қолайлы күн. Өзіңіз үшін маңызды мәселені шешуге күшіңіз жетпеген кезде немесе жай ғана өмірдің бірқалыпты күндерінен шаршап кетсеңіз, шашыңызды өзгертуге болады.
Сәрсенбі. Сәрсенбінің сәтті күні шашын өзгерткен адам жаңа достар табады. Сіз үшін жаңа қарым-қатынастың есігі ашылмақ.
Бейсенбі. Бейсенбі күні шаш өзгертсеңіз, сәттілік алдыңыздан күліп тұрмақ. Ырысты, берекелі болуға септігін тигізеді.
Жұма. Жұма күні шаш қидыруға болмайды.
Сенбі. Сенбі – шашыңызды өзгерту үшін таптырмас уақыт.
Жексенбі. Бұл күні шаш қидырсаңыз, сәтсіздікке ұшырайсыз деген наным-сенім бар.
Енді кімге қандай шаш үлгісі жарасатынын айтып өтейік.
Сопақ бетті қыздарға кез келген шаш үлгісі жарасады. Тек ұзын шашты жайып жүрмеуге тырысыңыз.
Бетіңіз үшбұрыш болса, шашыңызды каре етіп қиыңыз.
Дөңгелек бетті аруларға тік не қиғаш кекіл жарасады. Шашыңызды желкеге түймеңіз.
Төртбұрыш бетті сұлуларға ұзындығы иектен төмен каре үйлеседі.
Адамның сыртқы келбетіне көп нәрсе байланысты. Әдемі, тартымды жанның мүмкіндігі де зор. Оған қараудың өзі көңілге қуаныш сыйлайды. Әдеміліктің бір сыры – жарасымды шаш үлгісі. Сондықтан шашыңызды өзгертуге асығыңыз!
Ұқсас жазба:
Сурет: voxpopuli.kz
М. Оңғарова