Іш пыстыратын адамдар тізіміне кім жатады?

Іш пыстыратын адамдар тізіміне кім жатады?
Фото: vadymvdrobot / envato.com

Ғалымдар бірнеше зерттеу жұмысынан кейін іш пыстыратын адамдар тізіміне кімдер жататынын анықтады.

Ұлыбритания мен Ирландия университеттерінің ғалымдары қоғам іш пыстыратын адамдарды қандай қасиеттеріне қарап жіктейтінін анықтады. Ол үшін бес зерттеу жұмысын жүргізді және оған 500-ден көп адам қатысты. 

Алғашқы екі сауалнама мамандық, хобби мен қасиеттеріне сәйкес жіктеген. Ал үшінші сауалнамада "іш пыстырарлық" деген мінездемелері бар адамдардың ақкөңілдігі мен құзыреттілігін қоғамның қалай қабылдайтынана назар аударылды. Қалған екеуі респонденттердің жауабын зерделеуге арналды: тез жалығатын адамдармен байланыс орнату, олармен бірге жұмыс істеу, қоғамға алып шығуға бағыттады. 

Нәтижесінде "іш пыстырарлық" қасиеттер тізімін жасады:
♦Салалар:
деректер талдаушысы, есепші, салық немесе сақтандыру маманы, тазалық қызметкерлері, банк қызметкері, кеңсе қызметкерлері, сатушылар.
♦ Хобби: ұйқы, діни сала, теледидар көру, жануарларды бақылау, математика, алкоголь мен шылым тұтыну, оқу, үй жинау.
♦Мінез: қызығушылықтың болмауы, әзілдей алмау, өз пікірін білдіре алмау, пессимизм, қарым-қатынас дағдыларының нашарлығы (тоқтаусыз сөйлеу және әңгімелесушіні тыңдамау), ойлау көкжиегінің тар болуы.

Адаммен сөйлесу барысында ойы өзгеруі мүмкін. Бірақ, хоббиі не жұмысы іш пыстырарлық болған жағдайда адамдар әңгімені ары қарай жалғастырмайтыны белгілі болған. 

Зерттеу жұмысы шағын ортада және тек бір мемлекетте ғана жүргізілгенін естен шығармау керек. Әр мемлекетте, әр аймақта іш пыстыру түсінігі әр түрлі болуы әбден мүмкін. 

Сізді қандай адамдар тез жалықтырады?

Т. Есқали