Интуиция алтыншы сезім деп аталатын біздің ішкі дауысымыз. Оны біз көбіне елемейміз немесе тіпті ұмытып кетеміз. Ішкі сезімі жоғары деңгейде дамыған 6 жұлдызнама белгісі бар екен. 1)ЕгіздерЕгіздер әлеуметтенген адамдар, олар адамдарды өздеріне қарата біледі және әңгімелесуге ыңғайлы жандар. Оған қоса егіздер жұлдызының астында дүниеге келген адамдар болашақты болжау қабілетімен қоса сіздің не айтқыңыз келіп тұрғанын біле алатын қабілеті де бар. Егіздердің интуициясы оларға өз өміріндегі оқиғаларды реттеуге, жаңа адамдармен танысқанда алғашқы жағымды әрі позитивті әсер қалдыруға көмек береді. 2)ШаянШаяндар үшін интуиция мен өз эмоцияларын сезіну қатар жүреді, сондықтан олардың ішкі сезіміне аса назар аударатыны таң қаларлық жағдай емес. Бұл жұлдыздың иелері эмпаттар және олар тек жақындары ғана емес, бөтен адамдардың да сезімдері мен эмоцияларын сезе алады. Шаяндардың интуитивтілігі олардың басты қаруы болып табылады. Шаянмен бірге жүргенде қобалжуға еш себеп жоқ. Себебі олар жанындағы адамның ішкі жан дүниесін сезе алады. 3)БикешБикештер аса байқампаз, бұл олардың неге интуитивті екендігіне жауап береді. Олар көз алдынан ештеңені жібермейді, барлық маңызды емес деген нәрселерді байқайды. Бикештер көп оқиғалар мен жағдайларды қарапайым қабылдамайды, олар бәрін анализ жасап, зерттегенді ұнатады, бұл олар үшін жеңіл әрі қарапайым әрекет. Өмір ол Бикештер үшін толықтай құпиядан құралған, және осы құпияны ашуды басты міндеті деп санайды. 4)ТаразыТаразылар барлығына аса сезімтал: өзіне, өзінің ойына,сезімдері мен қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларға. Ішкі интуициясының арқасында олар төнер қауіпті алдын-ала болжай алады және бұл сезім Таразылардың оптимист болуына еш кедергі келтірмейді. Таразыларда кез-келген нәрседен позитив көретін қабілет бар, әр жағдайдың нюанстарын қабылдайды, және барлық мүмкіншіліктерді сезеді, әсіресе жағдай түрлі қақтығыстарға келгенде. Олар өмірді ақ-қара түсте қабылдаудан бас тартады, себебі олар өмірдің түрлі түсті спектрдан тұратынын интуитивті тұрғыда сезеді. 5)СарышаянСарышаяндарда басқа адамдарға деген интуициясы өте керемет дамыған. Мысалы, олар физикалық тұрғыдан өтірікті бірден байқайды. Сіздің қалай сөйлеп, қимылдағаныңыз маңызды емес, Сарышаяндар әрдайым шындықты біліп қояды. Бұл белгінің иелерінде қоршаған ортаны қабылдауға деген түйсігі өте ұшқыр, және олар өз іс-әрекеті мен сөздерінің барлығының мотивін жеңіл түсіндіріп бере алады. Сарышаянды алдаймын деп әуре болмаңыз, себебі олар сіздің ойыңызды оқып, өзіңізді қазған орыңызға түсіреді. 6)БалықтарИнтуитивті адамдар шығармашылыққа жақын, ал балықтар жұлдызнамадағы ең креативті жандар. Оларда шабыт алтыншы сезімнің дауысы. Олар артық сөзге жол бермей, түйсігіне сүйеніп әрекет жасайды, нәтижесінде фантастикалық дүние шығарады. Балықтардың шығармашылығы тереңнен тамыр алады, және оны түсіну мүмкін емес. Балықтар тым сезгіш. Сондықтан олар болашақта болатын оқиғаларды ешқандай себеп болмаса да болжай алады. дереккөз:arhar.kz/