Керемет қасиеттің бірі – сезім. Әр адамның бойында болатын сезім сөзбен суреттеуге, суретке түсіруге, әспеттеуге келмейтін ұлы дүние. Алғашқы махаббат, алғашқы сезім жігіттің болсын, қыздың болсын бойында ұзағынан сақталады. Тіпті қоғамда «алғашқы сезім ғана шынайы, қалғаны соның көлеңкесі» дейтін сөз бар. Дегенмен әркезде әрқалай келетін сезімге жауап беру үшін дайын болу керек. Ал осы сезімді сақтаушы, ұстап қалушы жігіт пе, әлде қыз ба?
Қыз сүйген қалады...
Қыз баласының сезімі өте берік. Олар табиғатынан сезімтал әрі көңілге тез қабылдаушы нәзік жандылар. Олардың көңіліне жақын қабылдаған дүниесі ұзағынан сақталады, тіпті ұмтылас естелікке айналуы да ғажап емес.
Отбасының да берекесін сақтаушы қыз баласы. Олардың тұрақтылығы махаббатқа берілгендігінде. Сенім мен сезім жігіттің бойынан табылса, қыз баласы үшін екеуі жеткілікті. Ол ерінің айтқанына көніп, шаңырақтың шайқалмауын сақтайды. Дегенмен сезімнің тұрақтылығын, махаббаттың адалдығын сақтап қалуға олардың күші жетпейді. Себебі, олар өздеріне келген сезімді тұрақты ұстаушы ғана. Ал сезімді жалғастырушы, оны өлтірмей келешекке жеткізу - ердің мойнында. Сүйгеніңіз сүймесе сіз мың жерден қайта ғашық болсаңыз да, оны ұстай алмайсыз. Бұл бүгінгі қоғамдағы шынайы жағдай.
Жігіт сүйген алады...
Жігіттер қауымы сезімге шорқақ келеді. Бірақ тұрақтылық сақталып, біреуге құлай ғашық болса оның тау қопарып, тас үгітері анық. Өйткені олардың бойында қайсарлық, мінез, сабырлық пен аздаған тентектің ұшқыны бар. Осы қасиеттер ердің сезімдегі мықтылығын көрсетеді. Ер адам махаббатты әр кезде әрқалай түсінеді. Көп жағдайда ғашықтықтан гөрі сезімнің жемісі отбасын құру, қарны тоқтық пен тыныштық. Ал бұл қыз баласына жеткіліксіз. Көңіл бөлінбегеннен кейін оның да алыстай беретіні тағы бар.
Жігіттің ұзақ уақыт жүрісінен кейін сіз оның сізді сүйетінін әлде сүймейтінін сезіне аласыз. Сүйген жағдайда ол қалады. Ол сізді бақытты қылу үшін қалады. Ал керісінше болса үміттенбеңіз. Өйткені олар үшін сезім тұрақтылықтың символы емес. Кетіп қалуы әбден мүмкін. Басқаның қасынан табылып жатса да таң қалмаңыз. Мұның бәрі жігіттің қателігі деуге де болмайды. Егерде қыз отбасын құруға лайық болмаса онды оның бас тартуға мүмкіндігі бар. Ал біз жоғарыда жігіт үшін махаббат отбасылық өмірдің ұйытқысы деп атап өттік.
Адам баласын жаратқан кезде олардың арасында махаббат оянып, ұрпақ жалғастыру үшін сезім пайда болды. Бірақ сезім екі жаққа да тұрақты емес. Мамандардың айтуынша, жігіт сүйіп, жігіт жақсы көріп талпынып тұрса қуану керек. Бұл оның адалдығы һәм сезімді сақтап қалуға тырысуы. Ал қыз өлердей ғашық болып, сүйгені селқос болса, бұл ештеңені өзгерте алмайды. Жігіт түбі кетіп тынуы мүмкін.
Сезімге мас болып жүріп серуендеп қалмаңыз, ойланыңыз!