- Негізгі бет
- Психология
- Сезім сырлары...
Сезім сырлары
Назарларыңызға шынайы сезімнің 12 қағидасын ұсынамыз.
1. Екі жас бір-біріне сезімдерін білдіріп, кездесе бастағаннан кейін, әрқайсысының өмірі жақсару керек. Егер де керісінше болып, қарым-қатынастар тек жайсыздық әкелсе, соңы айырылысуға апарары сөзсіз.
2. Махаббат ақшаға сатылмайды. Сатып аламын десеңіз де, шынайы сезімге қол жеткіземін деп ойламаңыз.
3. Қызғаншақтыққа абай болыңыз. Жұбыңызды арандатамын деп отпен ойнамаңыз, адамдар онсыз да қызғануға әуес.
4. Шынайы сезім болса, екі ғашық бір-біріне бірдей дәрежеде тәуелді болады.
5. Шынайы сүйетін адам жұбынан жауапты сезімінің дәлелін талап етпейді. Тіпті, оны өзі дәлелдейді.
6. Сүйетін жаныңызды өзгертуге асықпаңыз. Оны өзгерткен күннің өзінде, сізге деген көзқарасы да өзгеріп кету қаупі бар.
7. Депрессияға шалдыққан адамды сүю қиын. Махаббат адамды бақытты ету керек, бірақ әрдайым ғашығыңыздың қасында болу - бақыттың кепілі емес. Сіздің көңіл-күйіңіз тек өзіңіздің қолыңызда.
8. Қыздар өзінің жары ретінде қайғыға ұрынған есуасты емес, батыл ханзаданы көргісі келеді. Жігіттер де кез келген сәтте шу шығара кететін ұрысқақ қыздардан алыс болуға тырысады. Жұбынан күтпеген жағымсыз әрекеттер адамның жүйкесін тоздырса, күнделікті қайталанатын істері шаршатып, жалықтырады.
9. Бір сәтте лаулап жанған махаббат сезімі тез сөнері анық. Бақытыңыз баянды болсын десеңіз, екі ғашықтың біреуі сезімге ақылмен қарауы керек. Мысалы, сүйіктіңіз сіздің айқай-шуыңызға жауап қатпаса, бұл оның керең, не енжарлығын көрсетпейді. Бұл - оның сабырлығының дәлелі.
10. Егер ғашығыңыз сізді бір ренжітіп, еш сазайын алмаса, бұл қылығы қайталанатыны айдан анық.
11. Араңызда бір нәрсеге күмәндансаңыз, бұл жайтқа толықтай сенімді дәлел таппағанша, еш амал істемегеніңіз жөн.
12. Есіңізде болсын! Ақ мерседес мінген ханзадамен кездесу үшін, өзіңіз де қызыл порше мінген ханшайым болуыңыз тиіс (жігіттерге керісінше). Өмірлік құндылықтарыңыз бірдей болуы керек. Қоғамдағы орны бірдей адамдар бақытты отбасы құра алатыны баяғыда дәлелденген.
С. А