Махаббат әрдайым құбылып тұратын сезім. Сондықтан жұбыңызбен қарым-қатынаста алда не күтіп тұрғанын білу артық етпес. Ол үшін суреттегі египеттік Таро картасының бірін таңдасаңыз жеткілікті.
Бірінші карта
Бұл картаны таңдау сүйікті адамыңызбен қарым-қатынастың келесі кезеңіне өтуге дайын екеніңізді көрсетеді. Мұндай өзгеріс өміріңізге жемісін әкелмек. Ал егер балаларыңыз бар болса, олар бұл жағдайға таңдана қарауы да ғажап емес.
Екінші карта
Бұл картаны таңдай отырып махаббат теңізінің тереңіне батуға дайын екеніңізді көрсетесіз. Алдағы уақытта ешқандай жағымсыздыққа орын жоқ. Керісінше бақыт сыйлайтын жаңа тәжірибелер күтіп тұр, одан алар әсеріңізді сөзбен жеткізе алмаймыз.
Үшінші карта
Махаббатыңыздың ақыры тығырыққа тірелмес үшін, екі тараптан да жіберілген қателіктерді дер кезінде байқай біліңіз. Ескі таптаурын сөздерден, күрсіністен, жалықтырған лирикадан арылатын сәт жетті. Қазір қарым-қатынасыңызға жаңа леп беретін, серпілтетін жағдай қажет. Егер жағдайды өзгертуді қолға алмасаңыз, бәрі қайғымен аяқталуы мүмкін.
Төртінші карта
Сезім самалында тек өз дегеніңізбен жүріп-тұруды қалайсыз. Бұл жаныңызға жай таптырады. Осылай жалғаса бергені дұрыс деп есептесеңіз, қателесесіз. Сүйген адамыңыздың да қалауына бір сәт құлақ қомасаңыз, күндердің күнінде ол сізбен қош айтысады.