Психология сабағын беретін профессор шәкірттерін тәжірибе жасауға шақырды. Ол студенттерді екі қатар етіп тізді, сосын алдыңғы қатардағылар белгі берілген сәтте артқы қатарда тұрғандардың үстіне шалқасынан құлауы керек.
«Алдыңғы қатардағылар, екіленбей бар салмақтарыңмен өздеріңді артқа тастаңдар! Жарай ма?» деп айғайлады.
Тек бір жігіт қана бұйрықты орындап, көзін жұмып шалқасынан түсті. Оның артында тұрған әлсіз бойжеткен қыз еді. Бірақ, өзінің алдында тұрған жігіттің құлап келе жатқанын көріп, бастапқыда сасқалақтағанымен, бар күшімен оны тосып қалды. Оны жықпай, аман-сау ұстап алды.
Профессор күлімдеп олардың қолын көтерді: «Бұл екеуі осы жолғы тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетті, - деді ол көпшілікке қарап, - жігіт сенімнің күшінің қандай болатынын көрсетті. Сену деген не? Ол көңілдегі екіұдайлықты ойдан шығарып тастау, әуелі көзді де демалдырып, өзін мүлде қарсы жаққа тапсыру дегендік. Қыз өзіне артылған сенімді ақтады. Сенім – сыртқы күштің әсерінде ашылған гүл деуге де болады. Гүлге мейірім сыйласа гүл ғажайып сиқырлы күшке ие болады, бұл дәл әлгінгі әлсіз қыздың соқталдай азаматты құлатпай ұстап қалғаны сияқты.
Сенім – бақыт сезімін сыйлайды, мейірім мен махаббатқа толы қос қолымызбен сұлу дүниені, көркем өмірді жарату өз ырқыңызда.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: verysmartbrothas.com