Жуырда өзімнің сүйікті авторым Сессилия Ахерннің «P.S. Мен сені сүйемін», «Сенбеймін. Үміттенемін. Сүйемін» деген екі кітабын оқыдым. Ішінен ұнаған дәйексөздерді теріп алып, сіздерге ұсынуды жөн көрдім.
Адамдар әдетте «өте ұзақ әңгіме» деп айтуға ұят қысқа оқиғалар туралы айтады.
Сенің қашып кетуіңе, жылдам жүгіріп, алыстауыңа болады. Бірақ өзіңнен құтыла алмайсың.
Егер маңдайларыңа бірге болу жазса, сендер міндетті түрде бірге боласыңдар.
Сені енді ешуақытта құшақтап, мен үшін қаншалықты қымбат екеніңді айта алмайтынымды білу өлім жазасына кесілумен бірдей болды.
Жаднама
Қандай жағдай болмасын біреуге ғашық болма.
Қандай жағдай болмасын енді ешкімге сенбе.
Тамақ іш.
Таңертең ерте тұр.
Және, құдай үшін, жылағаныңды доғар.
Неге кинода жаңбыр секілді жағымсыз дүниелер романтикаға тән болып көрінеді?
Кейде үнсіздіктің бізге тыныштық сыйлайтыны соншалық, әлемде не болып жатқанын да ұмытып кетеміз.
Мен сені сүйемін. Бүгін сені қатты сүйемін, ал ертең одан да қатты сүйетін боламын.
Өзіңді жауабы жоқ сұрақтармен мазалама.
Сені біреу құшақтап тұрғанда Париждің қажеті бар ма?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет авторы: Yerlan Kidirov (өңделген)