Сен сөмкені қалай ұстайсың?

Психологтар қыз-келіншектердің сөмкені қалай ұстайтынына қарап, олардың мінез-құлқына баға беріпті. Олай болса, сөмке ұстаудың да өзіндік сыры бар екен.

Сөмкені бауырына қысып ұстап, қолын төмен түсіріп жүретіндер сабырлы, ұстамды, сыпайы, орнықты адам болып есептеледі екен.

Егер сөмкені қарына іліп, қолын білегінің тұсына дейін иіп ұстаса, ол – тәртіпті, көрер көзге жақсы көрінетін жан. Үй шаруашылығына бейім, басқалардың ойын айтпай түсінеді. Сонымен қатар, өз бағасын жақсы біледі.

Сөмкені иыққа таман, жоғары ұстайтын болса, ол батыл, әсершіл, кез келген күрделі мәселені шешуге қиналмай тез кірісетін адам болғаны. Көпшіл, барлық адаммен тіл табыса алатын, жалғыздықты жаны сүймейтін жан.

Сөмкені бір шетінен ғана ұстап жүретіндер – сөмкені отырған орнына алаңсыз тасап кете беретіндер. Бұл – өз-өзіне сенімді, өзі туралы айтылып жатқан басқалар пікіріне құлақ аспайтын бекем жан. Сөмкенің бауын қарына іліп алып, кеудесіне қысып ұстау – ешкімге сенбейтін күдікшіл қыздарға тән мінез. Сөмкені иыққа іліп алып, қолын төмен түсіріп жүретін адам – ұялшақ, өзіне сенбейтін именшек адам.

Ал, сөмкені иығына іліп алып, екі қолын бос жіберетін адам дәл осы қалпында өзін жеңіл, еркін сезінсе, ондай әйел заты көңілді, өзіне көңілі толатын, басқалардың назарын өзіне аударуға бейім, біреуге ұнауға, өзі туралы жақсы пікір естуге құмар келеді.

Сөмкені қолтығына қысып ұстау – ұялшақ, ұяң болып көрінгенімен, ешкімге тәуелсіз, байсалды нәзік жандарға тән.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: aliexpress.com