Сен мені түсінші...

Сен мені түсінші...
  • Өзін «бәрін түсінемін» дейтін адам әлі бәрін дұрыс түсінбейді.
  • Әйелдер мен ер адамдар бірін-бірі түсінуінің қажеті шамалы. Өмірдің қызығы – олардың бірін-бірі түсінбеуінде... 
  • Сен өскен сайын адамдарды жақыннан тани бастайсың. Оны адамдардың өзгеріп кетуіне жаба салма!
  • Әркім әлемді өзінше түсінеді.
  • Шындықты екі не үш түрлі түсінуге болады. Өйткені бәрі бірдей ойлай бермейді.
  • Шындық – үш жүзі бар қылыш: біреуі – сенікі, екіншісі – оныкі, үшіншісі – нағыз шындық.
  • Өзгелерді шын түсіну өзіңді түсінуге үнемі кедергі келтіреді.
  • Әйел адамның логикасы емес, оны түсіне алмайтын ер адамның ойлау жүйесі басқаша.
  • Кешірім сұрау – кешіре салудан оңай емес... Түсіну және аяу – ренжітуден де қиын.
  •  Ол сенен түсінуіңді өтінді. Сен «жарайды» дедің. Бірақ, мойындашы, сен бәрібір оны түсіне алмадың ғой?
  •  Адамның жаны күн секілді: өз нұрыңды өзгелерге шашқан сайын сен одан әрі нұрлана түсесің.
  •  Адамның ағы мен қарасы жоқ, олар ала болады.
  • Егер сен бұрын соңды бейтаныс болған адаммен танысуға бара жатсаң, оған дейін ол жайлы естігеніңнің бәрін ұмыт. Әйтпесе өз ойың мен өзгенің ойы миыңда былығып, адам тани алмай қаласың. Бастысы – өз бойыңдағы адам тани алатын қасиетіңе сен.
  •  Көп ренжіткенді емес, көпті кешіргенді кешір.

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: inpearls.ru

А. Әбілхан