- Негізгі бет
- Психология
- Сен – қайталанбас...
Сен – қайталанбас тұлғасың
Өміріңді өзгерткің келсе, түйсігіңді өзгерт! Болды, басқа ештеңені өзгертудің керегі жоқ. Егер өмірің қорқынышқа, өкінішке, ренішке толып кетсе, бұл жағдайға басқа қырынан қарап үйрен.
Айналаң – айнаң. Егер біреуге көңілің толмаса, ондағы олқылықты өзіңнен ізде. Сөйтіп, онымен күрес, жең!
Кез келген адам әртүрлі мақсатпен сенің өміріңе арласа кетеді. Кез келген жағдайда, кез келген образда! Ондай адамдар тағдырыңда ойып тұрып таңбасын қалдырып кететін күшке ие. Бірақ мұның жақсы жері – саған мықты сабақ болады!
Барлық нәрсені тіке жүрекке қабылдама! Егер біреу саған нашар қарым-қатынас танытса, бұл – оның өмірі. Оған өз өмірін сүруге кедергі жасама. Оған солай өмір сүрген ұнайтын шығар... Бәрінің қылығын жүрегіңе алып, налыма.
Табиғат – емші. Табиғатпен сырлас адамдардың қайғысы азырақ болады. Ол жайында толығырақ мына жерде.
Өкпелі адамдар өзгені де өкпелетеді. Сонда да оларды жақсы көруге тырыс. Жақсы жағын ойла. Бірақ алыстан сыйлас!
Кез келген жағдайға көзіңді ашып қара. Көзі ашықтардың жолы ашық болады.
Кез келген кіші жеңіске қуануды үйрен!
Кешірімді болуды және кешіруді үйрену сені ренжіткен адамға емес, өзіңе пайдалы. Бәрін тез арада, жеңіл түрде кешіріп үйрен. Өзгені қойшы, өзің жеңілдейсің.
Адамның ішкі даусы оны ешқашан алдамайды. Тек оны тыңдай білмейді көбі.
Бұл өмірде дәл сен секілді, сені қайталайтын ешкім жоқ! Сен – қайталанбас тұлғасың. Өзіңді бұл өмірде керек сезіну үшін бұдан артық не сөз керек?
Шығыс болмай, кіріс болмайды. Махаббатыңмен, дарыныңмен, ақылыңмен бөліс. Бөліссең, өзіңдегі ақыл кеміп қалмайды. Керісінше, өзің секілділер арта түседі.
Сурет: Дәурен Көшербаев
А. Әбілхан