Сен де?..

Біз біреуге ұқсауға тырыспаймыз. Әр адам өз болмысымен ерекше. Солай дей тұра барлық адамның басын қосатын ортақ әдет-қылықтар бар. Әрине, олардың әрқайсысына себеп табуға болады. Сонда да көкейде қонақтап қалған бір ой маза бермес?! Ол ой - барлық адам келісіп алғандай, келісім жасап алғандай бірдей қылықтар жасайтыны. Алыстан алмай-ақ достарға қарайықшы, олар да дәл біздегі қылықтарды қайталап жатады. Шынында да, таңғаларлық?!

Сен де...?

- Сен де... пакеттерді пакет ішіне салып қоясың ба?

- Сен де... йогурттың затбелгісін жалайтын шығарсың?

- Сенің де қалпақ кисең, басың қышып қоя бере ме?

- Сен де... бала кезде нанға жібергенде, ылғи кешеден қалған нанды алып келетін бе едің?

- Сен де... шкафқа қою керек киімді үстелге лақтыра саласың ба?

- Сен де... кірпіштермен жүрген кезде жіктерін басып кетпеуге тырысасың ба?

- Сен де... жабық есікті көре тұра тұтқасын тартып көресің бе?

- Сен де қысқа ғана цитаттарды оқисың ба?

- Сен де... жағымды смс-терді қайта-қайта оқи бересің бе?

- Сен де... үйден шығарда бірдемені ұмытқандықтан бөлмелерде етікпен жүресің бе?

- Сен де... сағыз сұрағанда қайтаратын жауаптың мына түрін жек көресің бе:"Қазір ғана соңғысын беріп қойдым"?

- Сен де... қол сағатын сән үшін тағып, уақыт білмек болғанда телефонға қарайсың ба?

- Сен де... жарнамаға қарап тұрып: "Міндетті түрде қарау керек" деп ойлап, артынан міндетті түрде ұмытып кетесің бе?

- Сен де... пельменді кастрөлге лақтырған сәтте теріс қарап тұра қаласың ба?

- Сен де... әжетханада отырғанда қолға ілінген нәрсенің бәрін оқи бересің бе? (Мәселен, баллондағы ағылшынша, украин тіліндегі жазулар).

- Сені де... бала кезде анаң күртеше кигізіп жатып, тиекті иектің астына дейін тартып қоятын ба еді?

- Сен де... мектеп партасында отырып, ойланған шығарсың: "Мына синус пен косинустар бір кездері керек болар" деп?

- Сен де... бала кезде үйден су алып шығуды сұрағанда: "Егер мен үйге кірсем, шығармай қояды" деп айтқан шығарсың?

- Сен де... даусыңды диктафонға жазып, сосын артынан тыңдап, ондағы дауыстың жаман екенін және өзіңдікіне мүлдем ұқсамайтынын айтатын ба едің?

- Ал сенің қандай әдеттерің бар?

сурет:formspring.me

Дайындаған: Фараби Арыстанбек