Адам психологиясын зерттеумен ғалымдар ғасырлар бойы айналысып келгенімен, осы күнге дейін әлемдегі ең үлкен құпиялардың бірі болып қала бермек. Дегенмен, ғалымдар адамның психологиялық ерекшеліктері жайлы айтарлықтай фактілерге қол жеткізді. Сол фактілерге сүйене отырып, сіз туралы көптеген нәрселерді айтуға болады.
Зейін қоймау соқырлығы
Егер сіз «көрінбейтін горилла» тәжірибесі жайлы естімеген болсаңыз, алдымен мына видеоны көріңіз. Сізге ақ жейде киген адамдардың қанша рет пас бергенін санау қажет (ары қарай оқымай тұрып, видеоны көріп алыңыз).
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/IGQmdoK_ZfY?hl=ru_RU","width":"450","height":"320"});
«Зейін қоймау соқырлығы» деген осы. Кейде адамдар бір мәселенің шешімін табу жолында «көз алдында» болып жатқан басқа нәрселерді көрмейді.
Көрген видеода горилла костюміндегі адам ойыншылардың арасына келіп, тоқтап, кетіп қалады. Ал пас санаумен отырған қатысушылар горилланы мүлдем байқамайды. Ал байқағандар одан да зейінсіз болып, басқа өзгерістерді өткізіп алады (мысалы, перде түсінің өзгеруін, бір қыздың кетіп қалуын).
Адам 3-4 элементті ғана есте сақтай алады
«Сиқырлы 7 плюс минус 2» ережесі бар екені білесіздер ме? Ереже бойынша бір уақытта адам 5-9-дан артық блок ақпаратты есте сақтай алмайды. Ақпараттың көп бөлігі жадымызда бар болғаны 20-30 секунд сақталады. Егер оны қайта-қайта қайталамасақ, біз оны ұмытып қаламыз.
Дегенмен, көбіміз қысқа мерзімге 7 санды есте сақтай алғанымызбен, барлығымыз 10 санды жаттап алуға қиналып жатамыз.
Зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, адам шамамен 3-4 блок ақпаратты ғана бірден есте сақтай алады-мыс. Мысал ретінде есте оңай сақтай алу үшін бірнеше бөлікке бөлінген телефон нөмірлерін айтуға болады.
Адам затты басқаша көріп, басқаша қабылдайды
Кембридж университетінің жүргізген зерттеу жұмыстарына сәйкес, сзөдгеі әтрпіер қданай тпәріептн оанрсаланқы мңыадзы еемс. Мыңадызсы сзөідң бшінріі жнәе сғңоы әтпірері өз оыднрна қлуаы.
Осылай оқи білудің себебі адам миының әр әріпті емес түгел сөзді оқуында.
Адам көз алмай шамамен 10 минут қарай алады
Егер сіз жиналыста отырып, сізге қызықты тақырып жайлы түсіндіріп жатса, сіз тек 7-10 минут қана ықылас бөле аласыз. Содан кейін сіздің ілтипатыңыз әлсірей бастайды. Ал қызығушылығыңызды ұстап қалу үшін үзіліс жасау керек болады.
Ләззатты кейінге қалдыра білу
Адамның ләззатты кейінге қалдыра білу қабілеті кішкентай кезінде қалыптасады. Ләззатты кейінге қалдыруға қабілеттенген адамдар мектепте жақсы оқыған. Сондай-ақ, стресс және көңіл қайтумен жақсы күресе алады.
Адам уақытының 30 пайызын армандаумен өткізеді
Қиялдауды ұнатасыз ба? Психологтардың мәлімдеуінше, барлық адамдар уақытының кем дегенде 30 пайызын армандаумен өткізгенді ұнатады екен. Ал ғалымдардың айтуынша, қияли адамдар көбіне өнертапқыш және түрлі мәселелерді шешуде мықты келеді-міс.
Әдет 66 күнде қалыптасады
Әрекеттердің қанша уақыт ішінде әдетке айналатынын зерттейтін ғалымдар адамға ол үшін шамамен 66 күн қажет екенін анықтады.
Адам жағдайды емес, өзге біреуді кінәлауға құмар
Кездесуге келетін адамның кешігуін есіңізге түсіріңізші. Сіз оның кешігуін жауапкерсіздік, жинақсыздық деп ойлаған боларсыз. Дәл осындай жағдайда өзіңіз болсаңыз, кешіккеніңізді сыртқы жағдайлардың әсер еткенімен түсіндірер едіңіз (жолдағы кептеліс деген секілді).
Психологтар мұны «атрибуцияның негізгі қателігі» деп атайды. Яғни өзге адамдардың жүріс-тұрысына байланысты мінез-құлқын кінәлауға бейім болса, ал өзінің қылығын сыртқы факторлармен байланыстырады («менің таңдауым болмады», «жолым болмады»).
Сізде болуы мүмкін дос саны шектеулі
Әлеуметтік желілерде мыңдаған достарыңызбен мақтанатын болсаңыз да, шынына келгенде сіздің достарыңыздың саны анағұрлым аз. Психологтар мен антропологтардың мәлімдеуінше, «Данбара саны» - яғни қандай да бір адамның жақын араласатын достар саны бар болғаны 50-ден 150-ге дейінгі аралықта ғана болады.
Адам ас, нәпсі және қауіпке ешқашан назар аудармай кете алмайды
Жазатайым оқиғаларды көру үшін адамдардың әрдайым тоқтап, назар аударып жататындарын байқадыңыздар ма? Расында адамдар жан тіршілігі үшін қатерлі жағдайларға назар аудармай кете алмайды. Мұның себебі әрбір адамда тіршілікке қабілеттілігіне жауап беретін мидың көне құрылысының сақталуында.
Сіз ешқашан істеп көрмеген нәрсені қалай істеу керек екенін білесіз
Сіз ешқашан iPad-ты көрмедіңіз делік. Бірақ, бір күні сізге досыңыз келіп, iPad-тан кітап оқуды ұсынды. Сіз iPad-ты қоспай жатып, онымен қалай кітап оқуға болатыны жайлы ойыңызда бір модель қалыптасып қояды. Ойыңызда экранда кітаптың қалай көрінетіні, қандай функциялармен қолдана алатыныңыз жайлы және оны қалай басқаратыныңыз жайлы небір болжамдар пайда болады.
Басқаша айтқанда, сізде планшеттен кітап оқудың «ойлы түрі» қалыптасады. Тіпті сіз бұдан бұрын планшеттен кітап оқып көрмесеңіз де.
Сіз бір нәрсемен айналысқанда бақыттырақсыз
Сіз әуежайдасыз және өз жүгіңізді алып кету керек. Ал жүк алу аймағына бару үшін 12 минут қажет. Сол орынға келіп жеткенде, сіз өзіңіздің шамаданыңызды бірден алып кетесіз. Осы кезде өзіңізді қаншалықты сабырсыз сезінесіз?
Енді дәл сол жағдайды басқаша қарастырсақ: сіз жүк алу аймағына 2 минутта барып, 10 минут күтесіз. Екі жағдайда да 12 минут кеткенімен, соңғы жағдайда сіз анағұрлым сабырсыз болар едіңіз.
Егер адамда белсенді болуға себеп болмаса, ол ештеңе істемеуді жөн көреді. Бұл күш-жігерді сақтап қалуға көмектескенімен, әрекетсіздік адамды сабырсыз да бақытсыз сезінуге мәжбүрлейді.
Адам көптеген шешімдерді соқыр сезім арқылы қабылдайды
Біз ойлануды қаншалықты ұнатқанымызбен, біздің шешіміміз мұқият бақыланып, жақсылап ойластырылған. Ғалымдардың айтуынша, күнделікті шешімдер шынында ақыл-ойға негізделмеген болып келеді және мұның өзіндік себебі бар.
Әр секунд сайын адамның миы 11 миллионнан астам ақпаратқа шабуылдайды. Осыншама көлемдегі ақпаратты тексеріп шыға алмайтындықтан, біздің соқыр сезім шешім қабылдауға көмектеседі.
Адам бір уақытта бірнеше іспен айналыса алмайды
Егер сіз бір уақытта бірнеше іспен айналыса аламын деп ойласаңыз, онда қателесесіз. Ғалымдар адамның бірден 2-3 іспен шұғылдана алмайтынын дәлелдеп шықты. Әрине, біз көшеде кетіп бара жатып, досымызбен сөйлесе аламыз, бірақ, ми нақты бір уақытта тек маңыздырақ іске ғана топталады. Бұл біздің бір уақытта екі нәрсе жайлы ойлана алмайтынымызды көрсетеді.
Адам миы ұйқы кезінде де белсенді
Сіз ұйықтап жатқанда адам миы бір күнде болған тәжірибені сіңіріп, біріктіреді, алынған ақпараттан ассоциациялар жасайды, қайсысын сақтап, қайсысын ұмыту керектігін шешеді. Қандайда бір емтихан немесе іс-шара алдында «жақсылап тынығып ал» деген сөзді көп рет естіген боларсыз. Мұның себебі, егер сіз жаттағаныңызды ұзақ уақыт бойы есте қалдырғыңыз келсе, ең дұрысы материалды жаттағаннан соң жатып, ұйықтап алу.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: irsolo.ru, infoniac.ru, www.randrs.ru, healthylive.ru, original-news.ru, vk.com