- Негізгі бет
- Психология
- Саусаққа қарап адам...
Саусаққа қарап адам тануға болады
Соңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша айтар болсақ, шылдыр шүмектің ұзындығына қарап қаржыгерлік қабілетіңіз бен жалпы қандай мүмкіндіктеріңіздің барын оңай-ақ білуге болады.
Италияда жасалған зерттеуге 2 мың адам қатысыпты. Қатысушылардың бір бөлігі шағын бизнес жүргізетіндер болса, екінші бөлігі орта бизнеспен айналысатын адамдар екен. Олардың ақша табу ісінде қандай да бір жетістікке жеткендіктері жайлы сұрақтар қойылады.
Ал сұхбат барысында зерттеушілер олардың қолдарын суретке түсіріп алыпты. "Аты жоқ саусақтың" қаншалықты ұзын болуына байланысты, оның мүмкіндігі де, жетістіктері де көп болған-мыс. Ал саусағы қысқа болса, онда оның бақытты болуы екіталай дейді өз ойларына сенімді мамандар.
Бұл жағдай тек бизнестегі жағдайды тексермеген. Сонымен қоса, неше түрлі спорттық ойындарда да саусақтың «атқаратын» қызметі зор екен.
Сәтті делінген адамдардың сұқ саусақтарына қарағанда, атсыз саусақ 10-20 пайыз көлемде ұзынырақ болыпты. Бұл адамдар ірі компанияларды басқарып, ауыр жұмыстармен айналысқан болып шыққан. Ал ғалымдар өз кезегінде мұны түсіндіріп те қойыпты. Олардың айтуы былай: Егер адам қолын ербеңдетіп әрлі-берлі сермей берсе, саусақтары ұзынырақ болады, осы арада ми тез жұмыс жасайды.
Мұндай қабілет ана жатырында-ақ эстроген гормондары мен тестостерондардың әсер етуімен беріледі дейді ғалымдар. Мансаптағы жетістіктер мен спорттағы марапаттарды ұту үшін тек талап пен жігер ғана емес, сонымен қатар эстроген гормондары мен тестостерондардың қызметі де қатысуы керектігі анықталды.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vasi.net
А. Құлтай