- Негізгі бет
- Психология
- Саусақ таңбасы сіз...
Саусақ таңбасы сіз жайлы айтады (Тест)
Саусақтағы өрнектерді зерттейтін арнайы ғылым дерматоглифика деп аталады. Бұл ғылым арқылы саусақтағы таңба мен мінез байланысын анықтауға болады. Өзіңіз жайлы қызықты мәліметтерді білгіңіз келсе, төмендегі суреттерге көз жүгіртіңіз.
Ілмек тәрізді сурет еуропалықтардың басым бөлігінің саусағында бар. Бұл сурет адамның салмақты әрі байыпты мінезді екенін көрсетеді. Мұндай адамдар досының басына сын сағат туғанда бей-жай қарай алмайтындар санатында. Олардың жауапкершілігі бар, барар жерге ешқашан кешікпейді, алайда көшбасшы қасиеті жоқ.
Мұндай адамдар жаңа мәліметтерді адамдармен араласу арқылы алады. Олардың эмоциясын оқып қою оңай, себебі олар ашық адам. Денсаулықтары да жақсы, тіпті жақсы дамыған болады. Алайда олар бала кезде көп ауыратын болған. Ілмек суретті адамдардың мінез-құлқы – сангвиник. Жалықтыратын және жалғыз ілікті жұмыстан безеді. Егер ілмек сурет барлық саусағында болса, бұл оның қиялы аса дамығанын, кейде тіпті өмір шындығына жанаспайтын нәрсені көп ойлайтынын көрсетеді. «Қойдай қоңыр, қозыдай момын» деген мақал осы адамдар жайында айтылған.
Саусағында осындай суреті бар адамдардың энергиясы әрқашан тасып тұрады, олар өзіне сенімді. Сенімділік бар қасиетінен көрінеді: еңсесін тік ұстауы, жүрісі, тәртібі, ым-ишарасы. Оларды алған бетінен қайтару мүмкін емес, қателескенін де мойындату оңайға соқпайды, олар әр жасаған шешімін соңына дейін дұрыс деп дәлелдеуден шаршамайды. Нақты ойлау жүйесі бар. Қоршаған кеңістіктегі өзгерістерге бейімделу мәселесінде мұндай адамдар тығырыққа көп тіреледі және айналасындағы адамдардың пікіріне мойынсынуды білмейді. Бар ой-өрісі қарапайым әрекеттерден туындап отырады. Алайда алға қойылған тапсырманы орындау үшін өзге адамдардың көмегіне жүгінуді әдетке айналдырған.
Саусақ ізінде иін суреті бар адам – холерик. Шығармашылықты сүйеді. Ым-ишарасы анық, әртістікіндей болады. Қиын сәттерде ол көрінген іспен айналыса жөнеліп, осылайша өз назарын басқаға аударуға бейім. Қарым-қатынаста ерекше биязылықты суқаны сүймейді, дегенмен өте адал дос әрі ешқашан сатып кетпейді.
Саусағында ирек сызықтары бар адамдар ашушаң келеді, қайтымы тез адам. Шығармашылық дарыны бар, қабылдауы жақсы, тез үйренеді және кез келген оқиғаны сараптап отырады. Бірнеше істі қатар бастап, орта жолда тастап кетеді және қызығушылығы жоғалады. Психикасы тез қозғыш, тұрақсыз. Көңіл-күйін тап басып айту қиын, сезімі мен уайым-қайғысын ішке жасырады. Жалғыз болуға және өз-өзіне есеп беруге құмар. Көп жағдайда өзіне көңілі толмайды, күмәні көп адам. Негізінде сезім ішкі ойдан туады, ал мәліметті жазбаша хаттар деректерінен алады.
Ирек сызықтары бар адамның темпераменті – флегматик. Сөйлеген сөзі анық емес, жай әрі баяу шығады. Сол немесе оң қолындағы сұқ саусақта ирек сызық болса, онда мұндай адам туа бітті ойшыл. Бағдарламалауға, заңгерлік іске және ғылыми жұмыстарға бейімі бар.
Жалпы қорытынды жасайтын болсақ, саусағында ирек суреті бар адамдардың мінезі ауыр, қолынан не келетінін біле бермейтін адам.
Дереккөз: bilim-all.kz
Н. Үсенова