- Негізгі бет
- Психология
- Сәттілікке жету үшін...
Сәттілікке жету үшін керек 5 қасиет
Сәттіліктің сыры неде, жақсы өмір сүру үшін қандай болуымыз керек?
Мінез табиғаттан беріледі десек те, көбі адамның өзіне де байланысты. Сәттілік шыңына қонақтап, бедерлі белестерді бағындыратын адамдарда қандай қасиеттер болуы керек?
1. Сәттілікке ұмтылатын адам үнемі мүмкіндік іздейді. Мысалы, ақша жетпей жатса, оның көзін іздеп, тапқанша тыным таппайды. Білімінің, қабілет-қарымының аздығына қарамастан, жалқаулығын жеңіп, тырбана береді. Темірдей төзімді, еңбекқор болады. Әлбетте, "1 пайыз талант, 99 пайыз еңбек" деген сөз дәлелденгелі қашан?..
2. Жағдайының бұдан да жақсы болғанын қалайды. Яғни, бір орында тоқырап қалмай, алға ұмтыла береді. Сүрінсе де, орнынан қайтып тұрады. Адамзатқа әйгілі адамдар тағдырында қиындық, дағдарыс дегендер аз болмаған.
3. Сәттілікке ұмтылатын адам өз-өзіне күш-қуат беріп, өз-өзін ынталандырып отырады.
4. Тәуекел түбі - жел қайық. Сәттілікке жететіндер басын бәйгеге тігуге әзір. Көбіне үлкен шаруаларды былай қойғанда, күнделікті күйбең тірлікте әлдебір шешім қабылдау үшін тәуекелге бара алмай жатамыз. Соның кесірінен көбіне таяқ та жейміз. Дегенмен, он ойланып, тоқсан толғанған соң, тәуекелге барған жөн...
5. Армандай білу. Таңғалатын шығарсыз, бірақ армансыз адам да болады. Ал бұл адамның кемел өмір сүруінің ең басты қасіреті. Армандай алмау... Ал сәттілікке ұмтылатын адам армандай біледі. Өмірден не нәрсені қалайтыны өзіне анық.
Сурет: woman.ru
Р. Роза