- Негізгі бет
- Психология
- Сәтсіздіктің сәттілікке бастайтын...
Сәтсіздіктің сәттілікке бастайтын жағдайлары
Егер сәттілікке жету үшін көптеген сәтсіздіктерді бастан өткеру керек делінген талап қойылса, тәуекелге барар ма едіңіз? Онның тоғызы «Жоқ!» деп жауап берер еді. Сәтсіздіктен қашу – бұл әр адамда бар қасиет.
Өсіп келе жатқан баланың алдынан көптеген қиындықтар шығады. Мектепте бақылаулардан үздік болуға тырысамыз, ал ата-анамыз тек жақсы болуымызды қалап, үдеден шыға алмай жатсақ, ұрысады. Ал негізінде сәтсіздіктің де пайдасы көп екенін аңғарайық. Сонымен, сәтсіздіктен сабақ алуды үйренейік.
Бұл жақсы сабақ болады.
Әрбір істе қиындықтар болады. Міне, осы кезде сіз бұл жағдайдан қандай сабақ алғаныңыз жайлы ойлаңыз. Сәтсіздіктің өмірлік сабақ екенін білген кезде сіз көңіл күйіңізді түсірмейтін боласыз. Сәл де болса артқа қарап, ненің дұрыс жасалмағанына көз тастап, келесі жолы мұндай қателік жасамауға тырысасыз. Есіңізде болсын, қателік – жетістікке жету кілті. Ол сенің өте жақсы ұстазыңның да рөлін атқара алады. Ойланып көріңізші, үлкен қалаға жаңадан келгенде адасасыз ғой? Ал бір адасқан соң сол жерді сіз мәңгіге ұмытпайтын боласыз.
Мінсіз болуға жетелейтін тест
Кейде атқарып жатқан іс сіз ойлағандай болып шықпайды. Осыдан кейін өзіңізге күмәнмен қарай бастайсыз. Шынымен де, бұл іспен айналысуға тұра ма? Ал егер сол істен айнып қалмай әрмен қарай да жалғастыра беретін болсаңыз – бұл сіздің біліктілігіңіз болып есептелмек және оның соңында көретін жеңіс те тәттірек болмақ. Сәтсіздік не бәрін де тастап, басқа арнаға бетбұруға не өз позицияңызды бекемдеп алуға мүмкіндік жасайды.
Бұл – жаңа қадамдар жасауға мүмкіндік
Бұрынғы іспен сәтті айналыса беру, әрине, тұрақтылық, кәсібилік деңгейін көрсетеді. Ал егер сіз бастапқы кезде өз ісіңізбен айналыспаған болсаңыз, өмірлік бағытыңызды айқындауға, жаңа қадамдар жасауға мүмкіндік аласыз. Сәтсіздіктерден алынған сабақ өзіңізге шынайы баға беріп, алдыңғы жоспарларыңызды қалыптастыруға септігін тигізбек. Бір орында тұру – дамуға әкелмейді. Сондықтан да, тек алға қарай қадам басыңыз.
Бұл білімді арттыру жолы
Сәттілікке бастар жолыңыздың әрбір деталіне дейін мән беріп, жұмыс жасауыңызға болады. Ал әрбір детальді білу дегеніңіз, сіздің өзіңіз айналысып отырған саладағы ісіңізді бір кісідей біліп алу. Сәтсіздіктер осы үшін де адам баласына ауадай қажет. Ішкі тұжырымдар мен құндылықтарды бір сараптауға да жағдай жасалады.
Қателік жаңа таныстықтарға әкеледі
Қателік бола қалған жағдайда жаныңыздан табылатын досты да, сатқындық жасайтынды да байқайсыз. Бұл кезде кімге иек артуға, арқа сүйеуге болатынын, ал кімге болмайтынын білетін боласыз.
Сәтсіздіктен қандай сабақ алғаныңызды сіз де айта отырыңыз.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: www.cotidianul.ro
А. Құлтай