Сәтсіздіктерден сабақ алып үйреніңіз

Адам кез келген сәтсіздікке ұшырай алады. Ол майда-шүйде немесе тым үлкен бола алады. Оның үстіне, сәтсіздік әрқашан ыңғайсыз бір уақытта пайда болады. Бәрі де ойдағыдай болып жатыр деген кезде, аяқ астынан сәтсіздікке ұшыраймыз. Біз басқа жаққа безіп кетудің де, бірдеңені өзгертудің де мүмкін еместігін байқаймыз. Адам үмітсізденіп, түңіле бастайды. Осы секілді сәтсіздікке ұрынсаңыз, өзіңізге мына 5 сауалды қойып көріңіз: 

Бұдан қандай сабақ алуға болады?

Не нәрсені дұрыс жасамадым? Сәтсіз ісіңіз үшін жауапкершілікті алудан қорықпаңыз. Сіздің ғана айыбыңыз болмаса да, бір бөлігі сізге ғана тиесілі екендігі рас. Табысқа кенеле білетін адамдар сәтсіздіктері үшін ешкімді айыптамайды. Кінәні өзгеден іздемейді. Осы тұрғыдан өздеріне қатаңдық танытса да, барлығына шыншыл келеді. Сәтсіз әрекеттеріңізден жалтармай, керісінше оларды мойындай отырып өмірлік сабақтар алып қалуға тырысыңыз.

Келесіде осы сәтсіздікті қайталамау үшін не істесем болады?

Жолыңыз болатындай жағдай жасай аласыз ба? Осы істе қосымша таңдауға болатын жолдар болды ма? Оларды не себепті таңдамадыңыз? Сағатты кері айналдырса сіз не істер едіңіз? Осы тұрғыдан жақсылап ойланыңыз. Дәл қазір мәселенің басын ашып алсаңыз, болашақта мұндай қиын-қыстау кезеңдерге тап болмайтындығыңыз анық.


Не нәрсеге дағдылануым керек?

Сәтсіздіктің болғандығына сіз ғана кінәлісіз бе, әлде басқалардың да айыбы бар ма? Жақсырақ дағдыланған болсаңыз, мүмкін басқаша болар ме еді? Жеңіске жету үшін не нәрсе жетіспеді деп ойлайсыз? Мұндайда «Тағдырдың басқа салғаны» деген ойды шетке ысырып қойыңыз. Әр нәрсенің өз орны бар. Одан да сол сәттегі жігеріңіздің әлсіз болғандығын мойындаңыз. Сіз шыққан шыңның бір баспалдағы кем болса, оны салу сіздің ғана мойныңызда. Кітаптар, түрлі курстар мен жақын адамдарыңыз ол үшін көмектесе алады. Бастысы идеал емес екендігіңізді мойындап, идел болуға ұмтыла түсіңіз.


Көмек пен кеңесті кімнен сұрай аламын?

Күйбен тіршіліктен бас көтеріп, айналаңызға назар салыңыз. Қоршаған ортаңызда сіз көмек сұрай алатындай адам бар ма? Кімнің ақыл кеңестері сіз үшін маңызды әрі дұрыс? Сізге сын көзбен қарап, шындықты бетіңізге тура айтатын адам болса, көмек сұрау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Көмек сұрауды әлсіздік деп түсініп жататын адамдар аз емес. Бұл тек сіздің үйренуге дайын екендігіңіздің көрсеткіші. Досыңыз жақсы болса, ол сізге міндетті түре көмектеседі.

Ары қарай не істеймін?

Келесі орындайтын іс-әрекетеріңізді тізімдеп, жоспар құрыңыз. "Қателігіңізді мойындауға ұмтыласыз ба, әлде өзге жолды таңдайсыз ба?" деген сұраққа жауап беріп көріңіз.

 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: umbr.ru