Көптен күткен кездесу сәтсіздікпен аяқталды. Сіз сүйікті көйлегіңізді үтіктедіңіз, қымбат иіссуыңызды жұмсадыңыз, ал сырт келбетті әсемдеуге қыруар уақытыңыз кетті. Есесіне алғаныңыз – негативті эмоциялар ғана. Бәрін тоқтатыңыз! Бірге отырып болған оқиғаларға басқа қырынан қарап көрелікші. Сәтсіздіктің де пайдасы бар шығар...
1. Сіз тәжірибе жинақтадыңыз.
Кездесуге бару – өте маңызды әрі керек машық. Ох, өзіңінің қобалжуыңды тежеу, бейтаныс адаммен әңгіме-дүкен құру, оған қызыушылық таныту, бәрін айт та, бірін айт артық сөз кетіп қалмасын деп өзіңді күзетіп отырудың өзі оңай шаруа емес. Басқа әдеттер сынды, бұл да қолданылмаған сайын жоғала түседі. Сәтсіз болған кездесудің өзі сабақ бола алады. Келер жолы жіберген ағаттықтарыңызды қайталамайтын боласыз.
2. Сіз ақыл-ойыңызды тамақтандырдыңыз.
"Маған ылғи да нашар жігіттер кезігіп қалады" деген ойдасыз ба? Жалған дабыл. Мүмкін, мәселе кавалерде емес, сізде шығар? Яғни, дұрыс жігітті таңдамай жүрген сіз емессіз бе? Сәтсіз кездесудің кейіпкері болған жігіттердің ортақ әлсіз тұстарын еске түсіріңіз. Одан кейін серікті ауыстырып, "сіздің типажыңызға" келмейтін бозбаламен кездесуге барып көріңіз. Бұрын-соңды назар аудармаған ханзаданың бар екендігіне сеніміміз мол. Оған мүмкіндік беріңіз.
3. Сіз өзіңізді және қарым-қатынастан нені қалайтындығыңызды жақсы түсіндіңіз.
Нашар кездесу сіздің өз жаныңыздан қандай жігітті көргіңіз келмейтіндігін анықтап берді. Әрине, идеал адамдар жоқ. Және үйлесімді әріптесті іздеудің соңы сіз көтере алмайтын кемшілігі бар адамдарды іздеумен келіп түйісіп жатады. Ал оның алдын алу тәжірибесіз болмайтын дүние.
4. Сіз өзіңізге сенімді бола түстіңіз.
Жігіт көп болған сайын қыз өзін сұлу, қажетті сезінеді. Бұл ереже сәтсіз кездесулердің өзіне жүре береді. Бәрі де сәтсіздіктен басталады. Айтыңызшы, баянсыз кездесудің 90%-ы өз қобалжуыңызды баса алмаудан туады емес пе? Тәжірибе жинақтаған сайын сол сәтті бағалауды үйренесіз, әрбір кездесудің қызықты оқиға екендігіне көз жеткізесіз.
5. Достарыңызға айтатын оқиға табылды.
Біздің есте сақтау қабілетіміз өте талғампаз келеді. Ол үнемі нашар жағдайларды ұмытуға тырысады. Мәселен, бейтаныс қаладағы серуен барысындағы шаршау есімізде қалмаса да, қызықтарын көпке дейін айтып жүреміз. Тіпті, әдемі көйлек кигенде де, оған жұмсалған ақшаны, табудағы қиындықтарды айтып отырмаймыз. Кездесу де сондай. Біраз уақыт өткеннен кейін болған оқиғаларды айтып, достарыңыздың көңілін көтере алатын боласыз.
Баянсыз кездесуден кейін келесі кездесуге баруға жүрексінбеу керек. Арманыздағы ханзадаңызды іздеңіз, іздеңіз және іздеңіз...
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com