- Негізгі бет
- Психология
- Сатқындық жасау ...
Сатқындық жасау
Мектепте сабақ уақытында екі оқушы тәртіпсіздік жасады. Оқытушы әдеттегі жағдайда оларды бір-бірден кеңсесіне шақырып алып, келесі бірінің не істегенін әшкерелеуді айтады. Сонымен екі оқушының қайсысы көбірек сатқындық жасаса, сол оқушы кеңшілікке ие болып, мадақсөз естіп кете береді. Шындығына келгенде, бұл – мәселені шешудің өте қатерлі, аса ауыр қате жолы. Бұл әдіс арқылы балада өз досыма сатқындық жасасам көп пайдаға ие болады екенмін деген түсінік қалыптасады. Олар мектеп ережесі мен оқытушыға адал боламын деп, үлкен алапаттың шетін басып, сол әлемге қарай кетіп бара жатқанын аңғармай қалады.
Бала досына сатқындық жасау-жасамау және жақсылық жасауға мәжбүр болу сынды екі сезімнің арасында әңкі-тәңкі күйде қалғанда оларға: «Егер ережеде қатып тұрып қиын өткелден өту мүмкін болмай жатса, онда жақсылық үшін бір рет өтірік айтуларыңа болады» деген кеңес беруге болады. Егер әр екеуі де өздеріне тиімсіз болған екі түрлі талдауға тура келгенде онда, әрине, қатері аздау түрін таңдау керек қой. Парасатты түрде шығарылған үкім, тек мүлде шығар жол қалмаған сәтте ғана ең соңғы жолды таңдау болмақ. Мысалы, өтірігі әшкере болып, сөз сүйектен өтіп, бұлтаруға мүмкіндік қалмағанда: «Ақиқат жолында жақындарымнан баз кешпеймін, өлімнен де қорықпаймын» деу, біздіңше бүгінгі заман балалары мен жасөспірімдері үшін ауылы алыс дүние. Тіпті туған ұлы ауыр қылмыс жасаса да, ата-анасы оны өз қолдарымен дарға аса алмайды. Дәл бүгінгі күннің басты мәселесіне айналған уытты проблемалардың бірі де осы. Арлы, адамгершілікті, ақиқатшыл адам болу керек пе? Алдамшы, жағымпаз, сатқын, қу кісі болып шалқып жүру керек пе?
Мінеки, бұлардың тамыры сонау балалық шақта, біз баста айтып өткен кішкентай ғана әңгімеде жатыр. Олар сатқындықтың «тәтті» дәмін бала шақта-ақ татып үлгерген.
Автор: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: douban.com
M. Auelkhan