- Негізгі бет
- Психология
- Сағыныштың емі не?...
Сағыныштың емі не?
– Сәлеметсіз бе, дәрігер?! Жанымды қинап жүрген ауруым бар. Үйге қарай аңсарым ауады да тұрады. Қала берді, әлдекімді іздеймін де отырамын. Бұл аурудың емі бар ма?
– Сәлеметсіз бе? Сіз айтқан белгілерге қарасам, сіздікі айықпайтын ауру ма деп қаламын. Дұрыс тексерістен өтпей, сіздің диагнозыңызды қою өте қиын. Бірақ 20 жылдық тәжірибеме сүйенсем, сіз сағыныш дертіне шалдыққансыз.
– Сонда қалай?
– Сағыныш – жан ауруы. Оны өзіңізден басқа ешкім емдей алмайды.
– Демек емделуі қиын ғой.
– Иә, қиын. Бірақ 2%-дың өзі үлкен жетістік екенін естен шығармаңыз. Әрі сізде алғашқы белгілері ғана байқалады.
– Сағынышты асқындырып алуым мүмкін бе?
– Өмірде мүмкін емес еш нәрсе жоқ. Бәрі мүмкін. Сағыныштың белгілерін үш негізге сүйене отырып анықтаймыз. Бірінші – сіздің тәніңіз. Сағынған сәтте жылулық іздеп, жаныңыздағы адамды құшақтауыңыз мүмкін. Тіпті, адам емес ойыншығыңыздың де есін тандырасыз. Екінші – ішкі жан-дүниеңіз: « Эх, үйде болсам ғой. Анашым не істеп отыр екен? Әкем тамақ ішіп отырған болар» - деген ойлар туындауы мүмкін. Үшіншіні емдеу қиын. Өйткені ол сағыныштан жалғыздық сезіміне өтіп кетеді.
– Онымен күресу үшін не істеуім керек?
– Өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Бос уақытыңыз болмасын. Миы ізденістегі адамның сағыну туралы ойлауға уақыты болмайды.
– Бар болғаны осы ма?
– Иә. Әрі мына дәрілерді күніне қабылдауды ұмытпаңыз. Күніне 2 рет «досыңызбен құшақтасыңыз», күніне 1 рет «серуендеңіз», сонымен қатар, «адамдармен араласуды» әрбір екі сағат сайын қабылдаңыз.
– Рақмет, дәрігер.
Т. Есқали