Адам ішкі сабырын бұзатын жағдайларға күнделікті болмаса да, жиі тап болып жатады. Болған жағдайды уайымдап, ызаланғанша сабыр сақтап, байсалды болуға тырысу керек.
1. Мәселені әсірелемеңіз. Болған мәселені ойлай бермей, назарды басқа жаққа бөлудің орнына адамдар керісінше ойша көп нәрсе қосып, одан сайын қиындатып жібереді. Бұдан да қиын жағдайлар болатынын еске алып, өзіңді сабырға шақырған әлдеқайда тиімді.
2. Мәселелеріңізді айтып, достарыңызға жүгірмеңіз. Адам эмоцияға берілгенде, болып жатқан мәселені жақын қабылдайды. Ал бұған тағы күдік, пікірлерді қосып, одан әрі қыздырып жіберсе сабырлық келе қоймасы анық, керісінше мәселені одан әрі шиеленістіріп, ойластырылмаған шешімге әкелуі мүмкін.
3. Әбігерге салынбаңыз. Тез қимылдау, асығыстық пен асығу ағзаны әрдайым қимыл-қозғалысқа реттеп қояды. Бұдан арылу үшін бірнеше минут өзіңізге келіп отырыңыз, бәрін асықпай істеуге талпыныңыз.
4. Өз іс-әрекеттеріңізді саралаңыз. Сырт көзге қалай көрінесіз, сонымен қатар айналадағы адамдарға қаншама жағымсыз эмоция сыйлайсыз. Өзіңізді ғана ойлай бермей, жақындарыңызды да ойлаңыз.
5. Бұл қиындықты да жеңемін деп өзіңізді сендіріңіз, өткен шақта да осындай қиыншылықтан аман-есен өткен кезеңдеріңізді еске түсіріңіз.
6. Өзіңізді күтіңіз. Толыққанды демалыс, дұрыс тамақтану мен физикалық жаттығулар – өзіңізді тонуста ұстап, хал-жағдайыңызды жақсартады.
7. Байсалды, сабырлы адамдармен дос болыңыз. Көбіне адамдар жанындағы адамдардың кейбір қасиеттерін жұқтырып алады. Сондықтан достарыңыз кез келген жағдайда өзін салқынқанды ұстай алатын болса, сізге де көмегі тиер еді.
8. Терең демалыңыз. Бұл да мәселеден бір сәтке ауытқудың бір тәсілі. Терең демалу ішкі сабырлықты сақтап, байбаламға салынуға жол бермейді.
Суреттер: tewom.ru, vitamarg.com
Дайындаған: Анар Мұстафина