Жақында ғана мынадай бір хабарды көзім шалған.
Әкесі сыртқа шыққанда үш жасар ұлының қолындағы темір таяқшамен машинаның алдыңғы бөлігін шұқылап отырғанын көреді де, дереу ұлының қасына жетіп барып, темір таяқшаны тартып алған әке ашу үстінде ұлының қос қолынан ұра бастайды...
Сәлден соң жынданып барып, есін жиған кісідей ұлын құшақтап, емханаға жүгіреді.
Дәрігер сәбидің уатылып сынған саусақтарын қалпына келтіруге қанша тырысса да өнімі болмайды. Амалсыздан, қос қолын білезіктен кесіп тастауға тура келеді...
Бала операциядан оянған сәтте қатты ауырып тұрған шолақ білегіне қарап, көздеріне үрей толып: «Әке, кешіріңізші, машинаңызды бұзып қойғаным үшін кешіріңіз!» дейді жыламсырап, өкініштен сөйлеуге шамасы келмей қалған әкесіне. Сәлден соң тағы: «Әке! - дейді үмітпен, - менің саусақтарым енді қанша күннен соң өседі?...»
... Байғұс әке үйіне қайтқан соң өкініштен есін жимаған күйі өзіне қол жұмсаған.
Қандай бақытсыздық деші! Ашу мен ыза үстінде бұл сорлы әке мұндай қасіретке жолығамын деп мүлде ойлаған жоқ қой.
Сабыр! Сабыр!
Сәбиіңіз алдындағы тамағын төгіп алғанда, олардың тынымсыз сәттерінде, тоқтаусыз жылаған кездерінде бұл әңгімені еске алыңыз.
Айналаңыздағы жаныңызға жақын адамдарға бола сабыр-тағатыңызды жоғалтудан бұрын, бір минут ойланыңыз.
Мал-мүлік қалпына келер. Тіпті сынған қол да. Бірақ, аяусыз соққы жеген бейшара көңіл ешқашан қалпына келмейді.
Қателіксіз адам баласы жоқ. Бәріміз де солай.
Тек қана ашу мен ойсыздық, сабырсыздық адам баласын ғұмырының соңына дейін қинайды.
Әр іске кірісуден бұрын ойлан және сабырлы бол.
Сабырлылық – адам баласының ең асыл қасиетінің бірі.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: blogs.mail.ru