- Негізгі бет
- Психология
- Рухыңыз мықты болсын!...
Рухыңыз мықты болсын!
Ойлағанымыздың барлығы ерте ме, кеш пе жүзеге асады. Сондықтан кез келген қиындықтың басымызда ғана орналасқандығын ескеріп, жеңуге болады. Бізді қандай адамдар қоршағанына, айналамызда қандай құбылыстар орын алып жатқанына қарамастан, жүрегіміз тыныш болуы тиіс. Бақыттың құпиясы да осыда. Кейде өмірімізге өзгеріс енгізгіміз келіп, неден бастайтындығымызды білмейтін сәттер жиі болады. Егер сіз де солардың бірі болсаңыз, өмірге деген көзқарасыңызды өзгертетін 12 нұсқаулығымызды оқыңыз. Сізге көмегі тиер деген ниеттеміз!
1. Бар нәрсені жоққа шығару мүмкін емес
Егер ситуацияны сол күйінде қабылдай алмасаңыз, бар айып тек өзіңізде деп біліңіз. Кейде бір нәрсені өзгерте алмайтындығымызға бас иуіміз керек. Осылайша энергиямызды босқа жұмсамаймыз. Бір қызығы, ситуацияны сол күйінде қабылдаған кезде, барлығы да ретке келеді.
2. Барлығын қиындата бермеңіз
Жоқ жерден қиындық тудыру сүйікті ісіміз десек те болады. Тоқтаңыз! Шындықты күңгірт түстермен бояуды доғарыңыз. Егер заттарға позитивті қарайтын болсақ, ескі кикілжіңнің барлығы да қалады.
3. Өзіңізді өзгертіңіз
Жайды өзгерткіңіз келе ме? Өзіңізді өзгерту жұмысты, өзге адамдарды, қоршаған ортаны өзгертуден әлдеқайда қиын. Жүрегіңіздің түбіне бойлап, мұның не себепті болып жатқандығы туралы ойлаңыз. Мүмкін әлем сіздің жақсы жаққа өзгергеніңізді қалайтын шығар?
4. Сәтсіздіктер – бар болғаны бағыт қана
Томас Эдисон: «Мен лампышаны жасауда сәтсіздікке ұшырамадым. Мен бар болғаны жүзеге аспайтын 99 тәсілді таптым», - дейді. Расымен де, ғажап емес пе? Сондықтан сәтсіздіктерден сабақ алып, қателікті екінші мәрте қайталамауға тырысыңыз.
5. Қазір және осы жерде
Осы шақты бағалаңыз. Дәл қазір басымыздан өтіп жатқан оқиғалар қас-қағым сәтте өткен шаққа айналады. Өміріңіздің бос күндерге толып, артынша тіліңізді тістеп қалмаңыз.
6. Армандардың құлы болмаңыз
Қатты қалаған тілегіңіз жүзеге аспай қалса, еш ренжімеңіз. Сіздің эмоцияларыңыз – болмысыңыздың бір бөлшегі. Сондықтан оны өзіміз қалаған жаққа қарай бағыттай аламыз.
7. Қорқыныш – бар болғаны иллюзия
Нақты неден қорқатыныңызды анықтап, оларды жеңіңіз. Бір нәрседен қорқатын адамдар көп нәрсені үйрене алады.
8. Қуануға мүмкіндік беріңіз
Өмір тек қайғылы оқиғалар мен қиындықтардан құралмайды. Мұнымен қатар түрлі қуанышты сәттер де бар. Оларды жіберіп алмай, өмірден ляззат алып үйреніңіз.
9. Өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз
Алтын, күміс тас екен демекші, әсем күлкінің астында мұңды адам жысырынуы мүмкін. Өзіңізді өзгелермен салыстыру арқылы құныңызды төмендетесіз. Ал бұл – нағыз ақымақтық.
10. Сіз құрбан емессіз
Мойныңызға жауапкершілікті алатын сәт келді. Сіз үшін ешкім ешнәрсе шешпеуі керек. Сіз - өзі үшін жауап бере алатын тұлғасыз.
11. Барлығы өзгереді
Барлығы өтеді, әрі үнемі қозғалыста болады. Қиын-қыстау кезеңде оның әйтеуір бір өтіп, ұмыт болатынын еске алыңыз.
12. Таңғажайыптар орындалады
Жүрегіңізді әлемге ашар болсаңыз, өмір сізге ең бағалы сыйлықтарын ұсынады.
Адам несімен қызықты? Ақыл, күш, сезім, жігер? Ешқайсысы да дұрыс емес. Тек қана мейірімділік адамды адам етіп, өміріне ерекше мән береді. Сондықтан айналаңыздағы адамдарды өз отбасыңыздай көре біліңіз.
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай