- Негізгі бет
- Психология
- Романтикалық іс-әрекеттер: SMS-хаттар...
Романтикалық іс-әрекеттер: SMS-хаттар сыр сандығы
Ғашықтардың көбі қарым-қатынастары басталып келе жатқан шақта бір-біріне көп смс-хаттар жолдайды. Және сезімдері тұрақталып, ұзақ уақыт өткен соң да сол әдеттен таймайтындары да жетерлік.
Бізден бір кеңес. Бірге өткізген кештердің бірінде ұялы телефондарыңызды алып, ішіндегі хаттарды бірге оқыңыздар. Келген хат сол кездері не үшін жазылғанын анықтап, оған қандай жауап жазылды, неге солай жаздыңыз, бәрін еске түсіріңіздер. Сол кездердегі қуанышты сәттер, не болмаса өкінтетін сәттер, бәрін-бәрін әңгімелеңіздер.
Бұның бәрі не үшін жасалады? Біріншіден, сонау өткен шақта жазылған хаттардың атмосферасына бөленіп, сол кездердегі сезімдерді қайта жаңғыртады. Уақыт өте келе, алғашқы ғашықтық сезімі өзгеріп, терең бір, басқаша күйге түсетіні анық. Ал бұл іс-әрекет өз кезегінде сонау шаққа апарып, сол кездердегі ерекше сезімге бөлеуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, ескі смс-хаттарды оқу қазіргі кезде жаулап алған тұрмыс-тіршіліктен бір сәтке ғашықтық әлеміне қайта тап болуларыңызға көмектеседі. Ескі смс-хаттарда бастапқы кезде бір-біріңізді еркелетіп, атаған аттарды еске түсіріп, сөздерді оқып, бір-біріңіздің қаншалықты қымбат екендіктеріңізге көз жеткізетін боласыздар...
Сурет: mobilethemesworld.com
A. Mustafina