- Негізгі бет
- Психология
- Ресми түскі асты...
Ресми түскі асты қалай ішу керек?
Ресми түскі ас – бұл кәсіпкер не басқа да қызметкер үшін ең маңызды кездесу және әңгімелесудің бір түрі. Белгілі тұлға не тұтынушымен арада болған түскі ас кезінде айтылған әңгіме үлкен істердің бастамасы бола алады. Тіпті арада достық қарым-қатынас орнатуға да таптырмас мүмкіндік. Бірақ ол түскі астың ерекшелігі неде?
Ресми түскі ас кезіндегі ең маңыздысы – мақсат.
Ресми түскі ас кезіндегі бірінші орынға шығатын құндылық тамақ емес, өзара келісім мен шарттар болуы керек. Мұны естен шығармаңыз. Бірақ тәбет тартып тұрса, әрине, астан бас тартпау керек. Себебі екі жағдайды де қатар алып жүру керек. Ресми түскі ас кезіндегі кездесу жұмыс кабинетінде отырып сөйлескеннен өзгеше. Себебі мұнда сіз еркін әрі емен-жарқын әңгіме айта аласыз.
Екіншіден, сіз тұтынушыға ұнауыңыз керек.
Тұтынушыны бірден құжатқа қатысты сөзге тартпаңыз. Алдымен тәбетін ашсын, тамақтансын. Үйде дастархан басында отырғандай әңгімені алыстан айналдырып алып келіңіз. Бірден шап беру кәсіпкердің қағидасына жатпайды.
Тұтынушы уақыт пен баратын жерді өзі белгілесін.
Тұтынушыға сіз уақыт пен баратын жердің мекенжайын ұсынып көріңіз. Ал ол таңдасын. Ал, таңдауға арзан әрі шулы жерді ұсынбаңыз. Барынша орташа бағадағы әрі тыныш жерді таңдаңыз. Тұтынушы өзін еркін әрі ыңғайлы сезінуін қамтамасыз етіңіз.
Асты асықпай ішіңіз.
Асты тез-тез ішіп қойсаңыз, әңгімеге қалатын уақыт та азаюы мүмкін. Сондықтан мөлшермен есептеп, асықпай-аптықпай тамақтаныңыз. Әрі асты ішу арқылы ресми әңгімені де қатар алып отырыңыз.