Реніштің қаншалықты маңызы бар?

Реніштің қаншалықты маңызы бар?
Фото: http://pustunchik.ua/

Өкпелісіз бе? Олай болса, үнді халқының рухани көшбасшысы, Ошо атымен танылған данышпанның мына кеңесіне құлақ түріңіз. Ол осы жазбаны қағазға басып шығарып, айна алдында дауыстап оқуды ұсынады.

«Мен сондай маңғаз күркетауықпын. Маған ұнамайтын адам жаратылысына сай қылық жасағанын қабылдай алмаймын. Егер әлдекім мен қалағандай әрекет етпесе не менің ойымдағыдай сөйлемесе, оны ренішпен жазалаймын. Менің өкпелегенім қаншалықты маңызды екенін көрсін. Өзі істеген «қылмыс» үшін осылай сазайын тартсын. Себебі мен өте-өте маңғаз түйетауықпын ғой.

Мен өтіп жатқан өмірімнің қадірін білмеймін. Өмірімді бағаламайтыным соншалық, алтын уақытымды құр ренішпен өткізіп жатқаныма алаң болмаймын. Шаттық минуттарынан, бақыт сәттерінен оңай бас тарта аламын. Бұл минуттар сағатқа ұласса да, сағаттар күнге, күндер айға, айлар жылға ұласса да маған бәрібір. Өмірімнің сан жылын өкпемен өткізіп жатқаныма қиналмаймын, себебі мен үшін өмірдің құны жоқ қой.

Мен өзімді сырттай бақылай алмаймын. Мен сондай әлсізбін. Өз аумағымды қарауылдап, оған кірген адамға өкпе қаһарын шашамын. Маңдайыма «Абайлаңыз! Арыстан ашулы!» деген жазу іліп қоюдан да тайынбаймын, ал мұны өзгелер байқамай көрсін! Мен соншалықты бейшарамын. Адамдарға кешіріммен қарау үшін бір тамшы мейірбандық таба алмаймын. Әрекетіне мән бермейтіндей бір тамшы жомарттық табу, қабылдай алатындай махаббат табу мен үшін өте қиын. Себебі мен өте-өте маңғаз күркетауықпын ғой».

Ошо

@. @assel_assanova