Реніш тудыратын сөздер

Реніш тудыратын сөздер
Фото: amur.kz

Біздің сөздік қорымызда байқаусызда айтып қойып, жақындарымызбен ұрысуға мәжбүрлейтін сөздер бар. Ғалымдар оны «конфликтогендер» деп атайды. Отбасы мен қызметте тыныштық болғанын қаласақ, конфликтогендерді нейтралды сөздермен алмастырғанымыз абзал. Олай болса, төмендегі 9 сөзді мүлдем  айтпауға тырысайық.

1. «Бұл менің міндетім емес», «маған бұл үшін ақша төлемейді». Аталған сөздер — жұмыстан бас тартуға көместесетін, ең көп таралған сылтаулар. 99% жағдайда бұл сөз басшылықтың ашуына тиеді. Сондықтан «Менің бүгін тапсырмам көп. Олардың қайсысын бірінші жасағаным дұрыс?» деп айтқаныңыз абзал.

2. «Менің сізбен сөйлесетін уақытым жоқ», «қолым бос емес». Бұл — тәрбиесіз адамның сөздері. Сондықтан «Мен сізден кешірім сұраймын. Маңызды жиналыс басталып, менің кетуім керек болып тұр. Айыпқа бұйырмасаңыз, қиындықтарыңызды келесі жолы талдайық. Қаласаңыз, бір сағаттан соң телефон арқылы хабарласайық».

3. «Менің айтып тұрғаным ақымақтың сөзі секілді естілер, бірақ…». Дәл осы сөздерден кейін қарсы алдыңыздағы адамды айтқандарыңызға сендіремін деп ойламаңыз. Өзіңізге бұл сөздерді айтуға тыйым салыңыз.

4. «Ренжімеңіз, бірақ…». Бұл ары қарай ауыр сын айтылатындығын білдіреді.

5. «Қалай семіріп кеткенсіз», немесе «қалай арықтап кеткенсіз». Бұл екі фраза да көптің көңіліне тиеді. Адамдар денесіне қатысты өзгерістерді жылдам қабылдай алмайды, сондықтан бұл сөздеріңізбен олардың көңіл-күйін құртпағаныңыз абзал. Орнына «Сіз өте әдемі болып кетіпсіз!» деп айтыңыз.

6. «Сіздің жасыңызда барлығы әдемі көрінеді». Бұл сөздер адамға оның жасы қаншаға келгенін есіне түсіреді. Тіпті, «басқа қариялар секілді кәрісіз, бірақ салыстырмалы түрде сіз жас көрінесіз» деп түсінуі мүмкін. Сол себепті жәй ғана «Сіздің сымбатыңыз адамды сүйсіндіреді», «Сондай сұлусыз!» деп айтыңыз.

7. «Тағы сол әдетіңізге бастыңыз ба» деген сөздер адам бойында жаман әдеттердің ұзақ уақыттан бері көрініс тауып жүргендігін танытады. Орнына «Маған сені үйді шашып кеткенің ұнамады. Ендігіде бұлай қайталанбас үшін не істеуге болады?» деп айтыңыз. Мен есімдігін қолдану арқылы қиындық өзіңізге байланысты болып тұрғанын білдіресіз.

8. «Егер сен мені шын мәнінде жақсы көрсең…». Бұл сөздеріңізбен сүйіктігіңіздің намысына тиіп қана қоймай, оның сізге деген қарым-қатынасы ұнамайтындығын көрсетесіз. Осылайша араларыңыздағы сезім суып кетуі мүмкін. «Екеуіміз «былай» жасаған жағдайда, менің көңілім орнына түсетін еді» деп айтқаныңыз жөн.

9. «Сен ол үшін тым жақсы едің», «мен сенің одан құтылғаныңа қуаныштымын». Сүйіктісі тастап кеткен адамды осылай жұбатамын деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Себебі бұл оның адамды дұрыс таңдай алмайтындығына меңзейді. Сіздің сөздеріңізді дұрыс қабылдауы үшін «Ол көп нәрсені жоғалтты» деп қана айтыңыз.

sabaq.kz

@. @assel_assanova