Денсаулыққа қатысты проблемалар көбіне органдар жұмысының бұзылуымен байланысты болып шығады. Алайда кейде сезімдер мен эмоциялар да денсаулыққа әсер етеді. Безеу психосоматикасы тұрғысынан, бетке бөрпте не үшін шығады және одан арылу үшін не істеу керек?
Тері - адамның ең үлкен органы, ол қорғаныш функциясының рөлін атқарады. Ол - дене мен сыртқы әлем арасындағы дәнекер. Тері ауруы болмайды, ол ішкі проблемалардың салдары деген де пікір бар.
Эмоциялық тепе-теңдік жоғалса да, ол теріге әсер береді. Мысалы, біз қорыққанда, тері бозарады, ұялғанда, ол қызарады, ал ашуланғанда, тері тітіркенеді.
Ал егер бір реттік ішкі жанжалдар созылмалыға айналса не болады? Мысалы, бізді мазалайтын бір нәрсені басымызда айналдырып, ойлай берсек, ол ауру түрінде жаңылыс береді: тері проблемасы пайда болуы да мүмкін.
Психосоматика бойынша, беттегі безеулердің себебі:
- Маңдайдағы безеу: адам ақымақ болып көрінуден және біреудің сенімін ақтамаудан қорқады;
- Беттегі безеу: өзін ешкімге қажет емес сезінеді, маңызды адамдардың назары жетіспейді;
- Еріндегі безеу: комплекстердің болуы және тұйықтық;
- Мұрындағы безеу - қандай да бір себеппен мазасызданудың созылып кетуі;
- Иектегі безеу - туыстармен келіспеушілік, өзін-өзі құнсыздандыру;
- Ірі безеулер: өзіне немесе біреуге наразылық сезімі;
- Ұсақ безеулер: өзін-өзі төмен бағалау.
Онымен қалай күресу керек?
Өз-өзімен және маманмен жұмыс істеу керек. Мысалы, психотерапия көмегімен ішкі бұзушы сезімдерді жеңуге болады. Сондай-ақ параллель түрде ішкі органдар проблемасын анықтап, дәрігер кеңесін алып, емдеуді қолға алу қажет.