1. Біз әке-шешемізге ұқсайтын адамдарға жиі ғашық боламыз. Және әке-шешемізбен кішкентай кезімізде шеше алмаған мәселелерді өскен кезде шешуге тырысамыз.
2. Кембридж университетінің зерттеуі бойынша, «әірпертідң қнаадй трәтпіте ораналастыны мңазыды еемс, бсатысы бсапақты жнәе сңғоы әірп онрыдна блуоы тіис» екендігі дәлелденді.
3. Тіпті қуаныш сыйлайтын мектепті бітіру, отбасын құру, жаңа жұмысқа орналасу сынды ерекше оқиғалар адамды күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін.
4. Психологияда принцип бар: адам бір оқиғаны қаншалықты күтсе, дәл сондай дәрежеде көңілі қалып қалуы мүмкін. Көпті күтсең, аз аласың. Азды күтсең, көп аласың. Бұл – тексерілген және еш өзгермейтін принцип.
5. Көп адам жаңа ортаға тап болған кезде басын оң жаққа бұрады. Сондықтан ұзақ кезекке тап болсаңыз, сол жақтағы адамдарға барып қосылыңыз.
6. Қызыңызға сыйлық сатып алдым деп, артынша оның не екенін тауып көруге мүмкіндік беріңіз. Ол өзі қалайтын заттарын тізіп шығады.
7. Ауызекі тілдегі іш өту сөзінің ғылыми атауы – копролалия.
8. Адам ұйықтап жатып қатты мұздаса, қорқынышты түстер көруі мүмкін.
9. Мамандардың бақылауынша, көк көзді адамдар небары бірнеше минуттың ішінде ғашық болуы мүмкін. Ал қоңыр көзді адамдар бір уақытта екі адамды жақсы көруі ғажап емес. Жасыл көзді жандардың жағдайы мүлдем өзгеше. Олар ғашық болу үшін бір жылға жуық уақыт кетуі де мүмкін.
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: вк желісінен