Бүгінде сөмкенің сан түрі болғанымен, оны қыз-келіншектер өзінің ыңғайына қарай ұстайды. Ал сіздің ұстап жүрген сөмкеңіз сіз жайында ақпарат береді. Ендеше өз болмысыңыз жайында сөмкелер не дейді? АБірінші алманы таңдадыңыз ба? Демек, сіз өте әділ жансыз. Сөзі мен ісі сәйкес келмейтін әрекет сізге мүлде жат. Бар ойыңызды ақтарып, жайып саласыз. Ешнәрсені іште бүгіп қалмайсыз. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде болғанымен, сіздің ішіңіз қандай болса, сыртыңыз да дәл сондай болып көзге ұрып тұрады. Аузыңызды ашсаңыз, жүрегіңіз көрінеді. Өзімен өзі болу сіз үшін нағыз адами қасиет. ВСіз ашық, ойнақы адамсыз әрі қуатыңыз мол. Егер өмірде тұзды мен тәтті қатар келетін болса, сіздің өміріңізде тұздалған тұсы көп. Шиеленіске толы тосын оқиғаларды ұнатып қана қоймай, қажет етесіз де. Қарап отыра алмайсыз, үнемі қозғалыста, әрекетте боласыз. Қайтпас қайсар әрі заманауи жансыз. Барлық жаңалық пен жаңа нәрселер қызығушылығыңызды оятып, назарыңыздан тыс қалмайды. Сіз үшін барлық тәтті-дәмді себілген карамельдегі алмаға жетері жоқ. ССіз таңғажайып тұлғасыз. Өзіңізді әлемдегі ең қызықты адамдар санатына жатқызбағаныңызбен, өзгелер сізден қызығарлық өзгеше қасиет тауып алады. Өмірге деген құлшынысыңыз айналаңыздағы адамдарға жігер беріп, шабыттандырады. Келесі қадамыңызда, болашақта не істейтініңізді болжау мүмкін емес. Ешкімді таңдандыруға талпынбасаңыз да, басқалар сізге қарап таңдай қағудан талмайды. Атақ-абыройыңыз артық болған соң, барлығы кеңесіңізге құлақ түреді. Түрі тәбет ашып, дәмі тіл үйіретін, үйде пісірілген алма бәлішін бәрінен артық көресіз. DСіз өте сенімдісіз. Тұрмыстың кез келген сынағына байыппен қарап, пайымды пікір қалыптастырасыз. Өн бойыңыз сабырлылық пен ұяңдыққа тұнып тұр. Сөйлегенге қарағанда, тыңдағанды артық санайсыз, осы тепе-теңдікті бұзбайсыз. Сізге сенім білдіргендер, жетелеген жағыңызға ере береді. Сізбен бірге суға да, отқа да түсуден тайынбайды. Бастысы сіздің оны батырмай да, күйдірмей аман алып шығатыныңызды жақсы біледі. Сізге рахат сыйлайтыны бір шыны ыстық алма шарабы (сидр). Қолдан жасалған болса, тіптен жақсы. EСіз өмірге дән ризасыз. Тосын оқиға іздеудің қажеті жоқ, әдеттегі, бірсарынды өткен күннің өзі сізге шаттық сыйлайды. Әр күннің иісін, түрін, дыбысын, дәмін ғажайыптай сезінесіз. Үйреншікті дағдының өзін ерекшелендіруден рахат табасыз. Өмірдің әр сәтінен мағына тауып, әр минутты алтындай қадірлейсіз. Табада қызып тұрған алма құймағын тым жақсы көресіз. FСіз асқан ақылды жансыз. Миыңыз тоқтаусыз жұмыс істейтін зерек кісі сіздей болады. Барлығын іс барысында ойша елестетіп, тез шешім шығара білесіз. Аса тіл табысқыш болмасаңыз да, қажет жерінде кез келген адаммен оңай араласып, өмірсүйгіштік қасиетпен таныласыз. Өзгелер сізді көпшілік ортаның адамы санатына қосады, ал сіз сәйкесінше олардың ішін пыстырмай, көңілін көтеруге қабілеттісіз. Қызу мінезділік те, зияткерлік те бір бойыңызға үйлескен. Уылжып піскен фермерлік алма жаныңызға рахат сыйлайды. Қарапайым әрі дәмді. Дереккөз:reactor.inform.kz